

2025 жылдың 18 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында студенттер күніне арналған «Универсалды студент» атты сайыс бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерді мерекенің тарихымен таныстыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға тарту, командада және жұппен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Бағдарлама барысында студенттер «Студенттер күні» мерекесінің алғаш қашан пайда болғаны туралы ақпарат алды. «Дай краба», «Селфи», «Температуришь» атты сайыстарға белсенді қатысып, қызықты әрі көңілді атмосферада өткен жарыстарда өз тапқырлығын, командалық қабілеттерін көрсетті.



Бүкіләлемдік балалар күніне арналған іс-шаралар аясында 2025 жылдың 18 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде студенттермен эмоционалды маңызы зор «Ішкі сыншымен диалог» атты арт-терапиялық тәжірибе өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өздерінің ішкі шектеуші нанымдарын байқау, олардың ықпалын әлсірету және оларды неғұрлым жағымды әрі конструктивті ұстанымдармен алмастыру дағдыларын дамыту. Сабақ барысында студенттер арт-терапия әдістерін қолдана отырып ішкі сыншы мен ішкі қорғаушының бейнесін салды, өздерінің ішкі диалогын визуализациялады, қандай сөздердің қолдау көрсететінін, ал қайсысы керісінше – шиеленіс тудыратынын анықтауды үйренді. Мұндай шығармашылық тәсіл қатысушыларға өз сезімдерін сырттай бақылап, өз қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге және қиын жағдайларда өзін эмоционалды қолдаудың жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік берді. «Ішкі өсу ішкі құрметтен басталады»



2025 жылғы 17 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты КВН ойыны өтті. Бұл шара әр тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін мен дарындылығын дамытуға мүмкіндік береді. Ойынға 9 команда қатысты. Қатысушылар үш сайысқа дайындалуы тиіс болды: сәлемдесу «Колледж деген не», биатлон, үй тапсырмасы – «Болашаққа көзқарас» атты бейнеролик. Командаларды студенттік парламенттің белсенділері мен колледж оқытушылары бағалады. Ойын қорытындысы бойынша КВН-нің 1-орнын Д-11 тобының «Феи Винкс» командасы, 2-орынды Л-11 тобының «Веселые локомотивщики» командасы, 3-орынды В-11 тобының «Без тормозов» командасы иеленді. Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Барлық командаларға КВН-ге белсенді дайындықтары үшін алғыс білдіреміз және алдағы шығармашылық табыстар тілейміз.
Чубарова Е.Н. – педагог-ұйымдастырушы



2025 жылғы 14 қарашада Байкен Әшіов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Құқықтық мемлекеттегі төзімділік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерге төзімділік принциптерін, адам құқықтарын құрметтеуді және құқықтық мемлекеттің дамуында төзімді мінез-құлықтың рөлін түсіндіру.
Төзімділік термині – бұл шыдамдылық, адамдармен қарым-қатынас орнату және оны сақтау қабілеті мен талпынысы ретінде түсіндіріледі.
Іс-шара студенттер арасында мәдени қарым-қатынас қалыптастыруға, әртүрлілікті құрметтеуге және азаматтық ұстанымды нығайтуға ықпал етті. Студенттер төзімділіктің демократиялық және құқықтық қоғамның өмір сүруі үшін қажетті шарт екенін түсінді.

2025 жылдың 13 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Sanaly urpaq» құқықтық клубтар слётына қатысты. Іс-шара лқушылар сарайының сахнасында өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының Жастар Альянсы ұйымдастырды. Мақсаты: жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың барлық түріне «Нөлдік төзім» қағидатын орнықтыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне тарту, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту. Қазіргі қоғам стандарттары жан-жақты дамыған, белсенді азаматтық позициясы бар, өз іс-әрекетіне жоғары жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, кең дүниетанымды, әділдік пен қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Адалдық жүйесін қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін жаңа көзқарастағы және өмірлік қағидалары бар жас буынды тәрбиелеудің маңызы зор. Слётке біздің колледждің студенттері белсенді қатысты: Лобок Кирилл (Д-11), Казаков Роман (Э-21), Головкин Максим (Э-21).
Сергеева И.А. – тарих және құқық пәнінің оқытушысы