

2025 жылдың 30 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Саналы Ұрпақ» студенттік клубтарының слетіне қатысты. Іс-шара М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында өтті. Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру болды. Слет дәстүрлі форматта жыл сайын өткізіліп келеді және үш кезеңнен тұрды: еріктілер жобаларының байқауы; «Risk Scan: зертте, талда, алдын ал» атты зерттеу жобасы; академиялық адалдық анты. Іс-шара қорытындысы бойынша колледж командасы құрметті ІІ орынға ие болып, тек университет командасына жол берді. Команда мүшелеріне алғыс білдіреміз: Губская Евгения (Б-21), Истомина Варвара (Д-11), Лобок Кирилл (Д-11), Казаков Роман (Э-21), Головкин Максим (Э-21).
«Sanaly urpaq» құқықтық клубының жетекшісі – Сергеева И.А.

2025 жылдың 29 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Сыбайлас жемқорлыққа – ЖОҚ де!» атты брифинг өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, «сыбайлас жемқорлық», «парақорлық» ұғымдарын түсіндіру, қоғам мен елдегі өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасты қалыптастыру. Брифинг барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың мәнін, онымен күресудің тәсілдерін және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағандарға қандай салдар туындайтынын талқылады. Әсіресе білім беру ұйымдарындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және олардың алдын алу бойынша тиімді шараларға ерекше назар аударылды.

2025 жылдың 29 қазан күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1-курс студенттері арасында жұмысшы мамандықтары жылына арналған пневматикалық мылтықтан нысана ату бойынша жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық рухта және Отанға деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - Д-11 тобы; 2 орын - С-12 тобы; 3 орын - ПО-11 тобы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

2025 жылдың 27 қазан күні Байкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде облыстық қол күресі бойынша жарыс өтті. Бұл жарысқа колледж студенттері қатысты: Батяев Виктор (С-11 тобы), Мерц Кирилл (В-11 тобы), Черная Валентина (В-11 тобы), Анохин Данил (Л-11 тобы), Шунин Анатолий (ЭМ-31 тобы), Калмыков Николай (С-11 тобы), Жудра Максим (СР-31 тобы), Зайцев Артем (С-11 тобы) Жарыс жеңімпаздары Жудра Максим (СР-31 тобы) – 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын Черная Валентина (В-11 тобы) – 70 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын; Анохин Данил (Л-11 тобы) – 80 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!
2025 жылғы 20–24 қазан аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері мен оқытушылары Алматы көлік және коммуникация колледжіне білім беру сапарына қатысты! Сапар барысында қатысушылар заманауи жабдықтар мен оқу тренажёрларында тәжірибеден өтіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты, көлік саласы мамандарын даярлаудың жаңа әдістерімен танысты. Колледж директоры Е.Д.Магазовға жылы қабылдауы мен оқу үшін тамаша жағдай жасағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары М.М.Джайдаровпен ЦӘК төрайымы Л.С.Бойкоға сабақтарды ұйымдастырғаны және біздің студенттер мен оқытушыларға ықыласты көзқарасы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл сапар кәсіби және жеке даму тұрғысынан құнды тәжірибе болып, колледждер арасындағы байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды! ✨