ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






02.12.2025
«Кәсіптер әлемі» кәсіптік бағдарлау сессиясы

Жұмыс мамандықтары жылына орай 2025 жылғы 3 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагогтері «Сенімен Болашақ» РОО Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырған «Кәсіптер әлемі» атты кәсіби бағдарлау сессиясына қатысты. Бұл іс-шара әлеуметтік «Кәсіптік бағдарлау» жобасының аясында өткізілді. Іс-шара барысында колледж мамандықтарының көрмесі ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына консультациялар берілді. Сессияның негізгі мақсаттары – Солтүстік Қазақстан облысының оқушыларына болашақ мамандықты саналы таңдау мүмкіндігін жасау, олардың еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес кәсіби бағдарын қамтамасыз ету және кәсіби өзін-өзі айқындауына жәрдемдесу.

02.12.2025
Профилактикалық әңгіме «Нашақорлық – қауіпті белгі»

2025 жылғы 2 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Нашақорлық – қауіпті белгі» атты профилактикалық әңгіме өткізілді. Мақсаты: студенттерде нашақорлыққа қарсы теріс көзқарас қалыптастыру. Кездесу барысында студенттер есірткі заттарын қолданудың өзін-өзі бағалауға, дербестікке, тәуелсіздікке, ой айқындығына және психикаға қалай зиян келтіретінін талқылады. Әңгіме сенімге негізделген ашық атмосферада өтіп, шынайы диалогқа мүмкіндік берді. Іс-шара студенттердің өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болды.

02.12.2025
«Халық пен тіл – бөлінбес біртұтас» кураторлық сағат

2025 жылдың 2 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Д-11 тобында «Халық пен тіл – бөлінбес біртұтас» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тілдің адамзат қоғамының өміріндегі рөлін талқылау болды. Қазақстан Республикасында қолданылатын және оқытылатын тілдердің ерекшеліктері қарастырылды. Студенттерге ана тілінің маңызы, мемлекеттік тілді білу қажеттілігі және шет тілдерін меңгерудің өзектілігі туралы өз пікірлерімен бөлісу ұсынылды. Сонымен қатар, оқу­­шылар өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тілдерде амандасып көрді. Кураторлық сағат соңында студенттер ана тілі туралы мақал-мәтелдермен танысып, тіл – халықтың айнасы, оның даналығы екеніне көз жеткізді. Түрлі халықтардың тарихы мен мәдениетін зерделей отырып, біз бір-бірімізді құрметтеуді және түсінуді үйренеміз.

01.12.2025
«№29 Жалпы білім беретін мектебі» КММ мамандықтар жәрмеңкесі

2025 жылғы 1 желтоқсан күні жұмысшы мамандықтар жылына орай «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машиналар жасау және көлік колледжі» КМҚК насихаттау бригадасы «№29 Жалпы білім беретін мектебі» КММ өткен мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында еңбекші мамандықтарды танымал ету және олардың беделін арттыру. Жәрмеңке барысында колледждің негізгі мамандықтары таныстырылды, сондай-ақ қызықты кәсіби бағдар беру әңгімесі өткізілді. Мектеп оқушылары қабылдау ережелері, оқыту ерекшеліктері және студенттік өмір туралы сұрақтарға жауап алды, ұсынылған бағыттарға қызығушылық танытты және көптеген нақтылау сұрақтарын қойды.

28.11.2025
Кәсіби бағдар жұмысы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 28 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Л-21 тобының студенті Слободенюк Артём Мамлют ауданының Воскресеновка орта мектебіне кәсіби бағдар жұмыстарымен барды. Кәсіби бағдар жұмысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау. Оқушылар колледжге түсу туралы сұрақтарына жауап алып, колледжде оқып жүрген студенттен мамандықтармен тікелей танысты.

Страница 23 из 445