


Жұмыс мамандықтары жылына орай 2025 жылғы 28 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Л-21 тобының студенті Шевченко Алексей Айыртау ауданының Саумалкөл мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдарлау мақсатында барып қайтты. Кәсіптік бағдарлау жұмысының мақсаты – еңбек мамандықтарын насихаттау. Оқушылар колледжге түсу бойынша сұрақтарына жауап алды және мамандықтармен тікелей колледжде оқып жатқан студент арқылы танысты.




2025 жылы 27 қарашада Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің «Киловатт» командасы «Адал бол! Қылмысты тоқтат!» акциясы аясында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы бойынша өтетін облыстық зияткерлік құқықтық «Брейн-ринг» ойынында қатысты. Ойынның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, барлық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түрлеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту. «Брейн-ринг» үш кезеңнен тұрды: «Разминка» – командаларды таныстыру, бірінші іріктеу кезеңі – 20 сұрақ, «Капитандар сайысы», үшінші кезең – «Адал бол!» тақырыбындағы үй тапсырмасы (сахналық көрініс). Біздің колледждің намысын 1 және 2 курс студенттерінен құралған команда қорғады: Лобок Кирилл (Д-11), Головкин Максим (Э-21), Казаков Роман (Э-21), Лахтин Игорь (Э-21). Қызу тартыстың нәтижесінде «Киловатт» командасы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытқа сәттілік тілейміз!
Сергеева И.А. – тарих және құқық пәнінің оқытушысы




2025 жылдың 27 қарашасында Петропавл машина жасау және көлік колледжінде жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК-інің отырысы өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Майра Исаевна Капасова «Scaffold құралдарын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Мақсаты: оқытушыларды студенттердің негізгі құзыреттерін дамытуға бағытталған қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын әзірлеуде қолданылатын Scaffold құралдарымен таныстыру. Баяндама басында ол Scaffold құралдарының құрылымы мен мазмұнын көрнекі түрде таныстырып өтті. Scaffold жиынтығы – формалды және формалды емес білім беретін педагогтерге арналған құрал. Ол цифрлық, тұлғалық, кәсіпкерлік, әлеуметтік құзыреттерді, «оқи білу» қабілетін және тұрақты даму саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған оқу іс-әрекеттерін жобалауға көмектеседі. Майра Исаевна Scaffold құралдарын сабақ жоспарын құруда, оқыту әдістерін, бағалау тәсілдерін және құзыреттерді анықтауда қолдану мысалдарын көрсетті. Сондай-ақ тапсырмаларды орындауға белсенді қатысқан студенттердің фотосуреттерін ұсынды. Оқытушылар Scaffold карточкаларына қызығушылық танытып, құзыреттер бойынша сұрақтар қойды. Мұндай баяндамалар қазіргі заман мұғалімдерінің ақпарат алмасуына, тәжірибе бөлісуіне, кәсіби шеберлігін арттыруына мүмкіндік береді.




2025 жылғы 27 қараша күні сағат 16:00-де Qyzyljar Creative креативтік алаңында жастар арасында киберқауіпсіздік және цифрлық ортадағы қауіптердің алдын алу тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» халықаралық науқаны аясында өткізілді. Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Д-31 тобының студенттері бұл шараға қатысты. Қатысушылар көптеген жаңа мәліметтер алды, сондай-ақ түрлі конкурстарға қатысып, белсенді жауаптары үшін марапатталды




2025 жылғы 26 қарашада И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері С.Л.Дощанова Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін "Әділет заңдары бойынша" ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, оның алдын алу және жою жолдары талқыланды. Студенттер "Аннаграммалар", "Құқықтық сөздік" интерактивті тапсырмаларын орындады; осы тақырып бойынша бейнематериалдармен танысты.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор