
2025 жылдың 10 желтоқсанында «Жас батыр» облыстық әскери-патриоттық орталығында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесіндегі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласы бойынша жыл қорытындыларын шығару мақсатында салтанатты іс-шара өтті. Тәрбиелеу процесінің ең маңызды құрамдас бөлігі – жастардың патриотизмін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие ең алдымен әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында өсіп келе жатқан жас буынмен жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі 24 ТжКБ ұйымының ішінде құрметті 2-орынды иеленді.


Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 3–9 желтоқсан аралығында Астанада WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионаты өтті. Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен өндірістік сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кәсіби білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі. Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері чемпионатта Солтүстік Қазақстан облысын лайықты деңгейде таныстырды. • Шабанов Василий, «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алушы ТМ-41 тобының студенті «СББ станоктарында фрезерлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 1-орын иеленді. Айта кетейік, бұл Василийдің WorldSkills Kazakhstan чемпионатында алған екінші алтын медалі. • Бахвалов Данил, ТМ-31 тобының студенті, осы мамандық бойынша білім алушы, «СББ станоктарында токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 1-орын алды. Сонымен қатар, өңірлік WorldSkills чемпионаттарының нәтижелерін талдау негізінде кадрлық әлеуетті дамыту және ТжКБ жүйесі мен бизнес-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін 15 жаңа құзыреттілік енгізілді. Солардың бірі — «Локомотивті басқару» құзыреттілігі. Осы құзыреттілік бойынша: «Теміржолдардың тарту жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша Л-41 тобының студенті Чернышенко Степан және Л-31 тобының студенті Корюшенков Егор 3-орынға ие болды. Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жеңімпаз студенттерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңімпаздардың шеберлеріне және тәлімгерлері Павел Владимирович Сенькинге, Михаил Михайлович Сущикке, Вячеслав Анатольевич Солдатовқа, Дмитрий Витальевич Кирилловқа алғыс айтамыз! Чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.


2025 жылғы 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагогтары мен қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәріс өткізілді. Іс-шара педагог қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған. Заңгер-консультант Альбина Сеилбековна Абишева ұжым алдында мынадай мәселелерді түсіндіре отырып сөз сөйледі: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, сыбайлас жемқорлықтың көздері мен түрлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары, Педагог қызметкерлер мен қызметкерлердің білім мониторингі құқықтық сауаттылықтың жоғары деңгейін анықтады (94%).

.jpeg)

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 5–12 желтоқсан аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің оқытушылары мен үгіт-насихат тобы Д.М.Карбышев атындағы №43 орта мектепке, №23, №28, №5 және №40 орта мектептеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында барды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Оқушылар колледжге түсу мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алып, колледжде ұсынылатын мамандықтармен танысты.



2025 жылғы 5 желтоқсанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Үздік шиномонтажшы» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету пункті» зертханасында 1 және 2 курс студенттері шиномонтаж және дөңгелек теңгерімдеу станоктарында кәсіби шеберлік дағдыларын көрсетті. «NeoCenter» ЖШС және «ФИТ Автосервис» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлері, сарапшылық комиссия мүшелері, қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады. Байқау нәтижесі бойынша: 1-орын — ТР-21 тобының студенті Иванюк Тахир, 2-орын — ТР-12 тобының студенті Бороденко Андрей, 3-орын — ТР-21 тобының студенті Кандрашов Данил иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы табыстарға жете берулерін тілейміз!