
2026 жылғы 29 қаңтарда колледжде Ядролық соғысқа қарсы бүкіләлемдік жұмылдыру күніне орай «Полигонға жол жоқ» атты викторина өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерде қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, соғыс пен зорлық-зомбылықты қабылдамауға тәрбиелеу, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным мен болашаққа жауапкершілік сезімін дамыту болды. Викторинаға колледж клубтарының командалары қатысты: «Саналы ұрпақ», «Лидер», «Экологиялық денсаулық соқпағы». Ойын бағдарламасы зияткерлік және шығармашылық кезеңдерді қамтып, қатысушыларға өздерінің білімін, командалық рухын және креативтілігін көрсетуге мүмкіндік берді. Студенттер ядролық дәуір тарихының маңызды беттерін еске алды: Семей ядролық полигонының ашылуынан бастап, оның аумағындағы соңғы ядролық құрылғының жойылуына дейінгі кезеңдерді талқылады. Викторинаның барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша «Экологиялық денсаулық соқпағы» экоклубының командасы жеңімпаз атанды, ІІ орынды дебат клубының «Лидер» командасы, ІІІ орынды құқықтық клубтың «Саналы ұрпақ» командасы иеленді. Іс-шара қызығушылық пен еркін пікір алмасу атмосферасында өтіп, студенттерге бейбітшілік, бірлік және әрбір адамның планета тағдыры үшін жауапкершілігі қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.
.jpeg)
.jpeg)


2026 жылғы 27 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Ленинград. Қоршау. Естелік» атты тарихи экскурсияға қатысты. Ленинград қоршауының толық алынған күніне арналған бұл іс-шараны И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері ұйымдастырды. Тарихи экскурсия барысында студенттер Ленинград қоршауының шежіресімен және тақырыптық бейнематериалдармен танысып, қоршаудағы қалаға азық-түлік пен қажетті жабдықтар жеткізілген жалғыз көлік жолы — «Өмір жолының» құрылу және жұмыс істеу тарихы туралы қызықты деректер білді.



.jpeg)
С 19 по 22 января 2026 года педагоги КГКП 2026 жылғы 19–22 қаңтар аралығында «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК педагогтері кәсіби бағдар беру мақсатында №4 орта мектепте, Ю.А.Гагарин атындағы №14 орта мектепте, №26 мектеп-балабақшасында, №29 орта мектепте, №17 Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде, Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектепте өткен ата-аналар жиналыстарына қатысты. Ата-аналар колледжге қабылдау тәртібі бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, колледжде ұсынылатын мамандықтармен танысты. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау
.jpeg)


2026 жылғы 21 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында студенттер мен Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Н.С.Шариповпен кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі — интернет-алаяқтық пен дропперлік талқыланды. Студенттерге бұл алаяқтық схемалардың қалай жүзеге асатыны, олар үшін қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны, сондай-ақ алаяқтардың немесе дропперлердің құрбаны болмау үшін не істеу керектігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу студенттерге ұнады: олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, естіген ақпарат бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

2026 жылғы 21 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Электронды сигареттер: зиян ба, әлде жай ғана түтін бе?» тақырыбында колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты — электронды сигареттерді қолдану мәселесі бойынша олардың ықтимал зияны мен кең таралған мифтерді талқылау арқылы студенттерде саналы көзқарас қалыптастыру, сыни ойлауды, дәлелді диалог мәдениетін және өз денсаулығына жауапкершілікті дамыту. Пікірсайыс барысында студенттер вейптер мен электронды сигареттердің таралуы мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарын ұсынды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ұстанымдарын дәлелдеп, статистикалық деректермен бөлісті. Талқылау мазмұнды, қарқынды және қызықты өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер электронды сигареттердің денсаулыққа әсері әлі де өзекті тақырып екенін, оны әрі қарай зерттеу қажет екенін және өз денсаулығына саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.