
2026 жылдың 21 қаңтарында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Негізгі тақырыптар «ҚХА медиациясының негізгі құралдары» және «Араздық тілі» болды. Іс-шараға 40 адам қатысты. Кездесу барысында медиация әдістері туралы ақпарат беріліп, толерантты қарым-қатынастың маңыздылығы түсіндірілді. Студенттер этносаралық толеранттылықты дамытуға және араздық тілінің көріністерін болдырмауға бағытталған пайдалы білім алды. Медиацияны этносаралық қарым-қатынаста қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік өкілдігінің белсенді әрі бейжай қарамайтын жастарды біріктіретін СҚО жастар ұйымы ретіндегі қызметі таныстырылды



2026 жылғы 20 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Біз дос бола аламыз ба?» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерге достықтың құндылығын, студенттік ұжымдағы бір-біріне құрметпен және ізгі ниетпен қарым-қатынас жасаудың маңызын ұғындыру. Кеш барысында қатысушылар шынайы достықтың көріністері туралы жеке өмірлерінен мысалдар келтіріп, жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешу тәсілдерін талқылады, әңгімелесушіні тыңдап, түсінуді үйренді. Эмпатияны дамытуға, әр адамның жеке ерекшеліктері мен айырмашылықтарын қабылдай білуге ерекше назар аударылды. Өткізілген іс-шара студенттік ұжымның бірлігін нығайтуға, өзара сенімді арттыруға және жатақханада жылы, достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Кеш соңында студенттер нағыз достық жауапкершілікке, шынайылыққа, өзара құрмет пен көмекке негізделетінін түйіндеді.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 19 қаңтарда И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкері Досщанова Сания Латиеновна Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттеріне арналған «Ситуация T» интерактивті апгрейдін өткізді. Іс-шараның мақсаты – терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу. Апгрейд барысында студенттерге интерактивті ойындар ұсынылып, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, тақырыптық бейнематериалды талқылау ұйымдастырылды.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 19 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында кітап оқуды сүйетін жандарды «Кітап достарды біріктіреді» буккроссингіне қатысуға шақырады. «Буккроссинг» – бұл кітап алмасуға арналған бүкіләлемдік қозғалыс. Әлемнің түкпір-түкпірінде оқырмандар әдебиеттермен алмаса алатын арнайы нүктелер жұмыс істейді. Қозғалыстың ұраны – «Оқыдың – өзгеге бер». Біздің кітапханада әртүрлі жанрлар мен бағыттағы әдебиеттер қойылған ерекше «кітап орны» – сөре бар. Буккроссингке қатысатын кітаптар кітапхана қорында тіркелмейді, сондай-ақ сіз алған кітаптардың атауы мен саны есепке алынбайды. Әр адам буккроссинг үдерісіне өз үлесін қоса алады – оқып болған кітабын кітапханаға әкеліп, оның осы жерден жаңа оқырмандарын тауып, қызықты сапарын бастауына мүмкіндік бере алады.



2026 жылғы 17 қаңтарда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК педагогтері Бескөл мектеп-колледжі ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысты. Іс-шара оқушылар мен олардың ата-аналарын колледжде жүзеге асырылатын мамандықтармен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім алғаннан кейінгі даму мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды. Кездесу барысында педагогтер даярлау бағыттары, оқуға қабылдау шарттары мен ережелері, оқу үдерісінің ерекшеліктері және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар мен ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алып, бұл олардың болашақ мамандық пен білім беру бағытын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.