ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






04.02.2026
«Заң және тәртіп» республикалық идеологемасы аясында «Құқықтық бағдар» интерактивті алаңы

2026 жылғы 4 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасы аясында өткен «Құқықтық бағдар» интерактивті алаңының жұмысына қатысты. Іс-шара қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі тарапынан ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаттары – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар ортасында құқықтық сананы қалыптастыру. Алаң спикерлері: Попова Зарина Садуовна – полиция капитаны, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі; Исмаилова Мадина Болатовна – Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы; Ғаббас Алмагүл Төлеуқызы – Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы. Іс-шараның интерактивті бөлігі ретінде студенттер викторинаға қатысты. Құқықтық білім деңгейі жоғары, танымдық көкжиегі кең командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

04.02.2026
«Жақсы мінез – сарқылмас байлық» кураторлық сағаты

2026 жылғы 4 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде СР-11 тобында «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Сабақтың тақырыбы өте өзекті, себебі қазіргі таңда жастар рухани құндылықтардың маңызын әрдайым түсіне бермей, сезім мен қарым-қатынасты көбіне ақшалай өлшеммен бағалайды. Кураторлық сағат барысында студенттер өздері үшін ненің маңызды екенін анықтады: материалдық па әлде рухани құндылықтар ма, ақша ма әлде мінез-құлықты тәрбиелеу ме. Топпен жұмыс істей отырып, «Бақытты сатып алуға бола ма?» атты шағын пікірталасқа қатысты. Куратор студенттерге замандастарымыз туралы екі шынайы оқиғаны айтып берді. Бұл оқиғалар мінездің ақшадан да маңызды болатынын, сондай-ақ ақша мен билікке ие бола отырып, абырой мен атақтан біржола айырылып қалуға болатынын айқын көрсетті. «Тұлғалық капитал» жаттығуын орындау барысында студенттер өз-өздерін тануға тырысып, қандай мінез-құлық қасиеттеріне ие екендерін және қай қасиеттерді әлі де дамыту, қалыптастыру қажеттігін анықтады. «Таңдау» рөлдік жағдаяттарын ойнау арқылы бірінші курс студенттері қабылданған әрбір шешім мінезді қалыптастырып, белгілі бір салдарға әкелетінін көрсетті. Кураторлық сағаттың қорытынды кезеңі рефлексиямен аяқталды. Бұл кезеңде студенттер сабақ барысында нені түсінгендерімен, өздері үшін қандай шешім қабылдағандарымен және болашақта неге ұмтылатындықтарымен бөлісті. Куратор қорытынды жасап, ақшаны жоғалтуға болатынын, ал беделді қалпына келтіру қиын екенін, ал мінез адамның өмір бойы бірге жүретін басты құндылығы екенін атап өтті. Сондықтан ең үлкен байлық – жақсы мінез.

03.02.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2026 жылғы 3 ақпанда «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК үгіт-насихат бригадасы №27 орта мектеп пен №42 орта мектепке барды. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, оқушылармен қызықты кәсіптік бағдар беру әңгімесі өткізілді. Шара барысында оқушылар колледжге түсу тәртібі мен студенттік өмір туралы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

03.02.2026
Конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар

2026 жылғы 3 ақпанда «Қарасай» стадионында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері арасында конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар өтті. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын және қысқы спорт түрлерін насихаттау, студенттердің физикалық төзімділігін, күшін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға қызығушылық қалыптастыру. Жігіттер 500 метр қашықтықты, қыздар 250 метр қашықтықты бағындырды. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: Жігіттер: I орын – Петрик Ринат, ТР-21 тобы; II орын – Турсунов Максим, В-11 тобы; III орын – Ульянов Владислав, Л-21 тобы. Қыздар: I орын – Еремушкина Анастасия, Д-31 тобы; II орын – Майданова Александра, Д-21 тобы; III орын – Ралло Ангелина, ПО-21 тобы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер колледжіміздің намысын қорғайтын облыстық «Сұңқар» спартакиадасына іріктелді. Спортшыларымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

03.02.2026
Адам саудасы мәселесі: тарихы мен қазіргі заман

2026 жылғы 3 ақпанда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ базасында өткен «Адам саудасы мәселесі: тарихы мен қазіргі заман» атты әңгіме-сұхбатқа қатысты. Іс-шара жастар арасында адам саудасы мен еңбек қанауының қауіптілігі туралы саналы түсінік қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, өз құқықтарын қорғау жолдары туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ қылмыстың бұл түрінің алдын алу және онымен күресу шараларымен таныстыруға бағытталды. Кездесу барысында мамандар адам саудасының және кибералаяқтықтың заманауи түрлері туралы айтып, қауіпті жағдайларды қалай анықтауға және тәуекелдерден қалай сақтануға болатынын түсіндірді. Жеке қауіпсіздік, құқықтық қорғау және көмекке жүгіну алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Әңгіме ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі білікті жауаптар алды.

Страница 12 из 445