ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






24.05.2013
Бақытжан Жұмағұлов: Біз үшін ең бастысы – білім сапасы

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы аяқталды. Ендігі жерде артта қалған қиындықтарды ой елегінен өткізіп, алғашқы жетістіктерді, сондай-ақ, қылаң берген жаңа айшықтарды да саралайтын уақыт келген сияқты. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен арада болған әңгіме осы бағытта өрбіді.

– Бақытжан Тұрсынұлы, жақында Үкіметте мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндамаңызда сіз қысқа мерзім ішінде ондаған түбегейлі жаңалықтар енгізілгенін атап өттіңіз. Мемлекет үшін ерекше маңызы бар деп есептейтіндерін атай аласыз ба?

– Біз іске қосқан немесе қосқалы жатқан жаңа тетіктердің бәрі де маңызды. Олардың барлығы мемлекет басшысы қойған жаңа сапалы білім беру жүйесіне көшу сияқты амбициялық міндетті шешуге жұмылдырылған. Менің ойымша, елді елең еткізетіні – электрондық білім беру, жан басылық қаржыландыру, сапаны ұлт деңгейінде қадағалау, Кембридж университеті бағдарламасы бойынша оқытушылар біліктілігін арттырудың мүлдем жаңа жүйесі, колледж және жоғары оқу орындарының түлектерін тәуелсіз сертификаттау. Сонымен қатар академиялық мобильділік бағдарламаларын жетілдіру, жыл сайын 1000-нан астам таңдаулы шетел профессорларын шақыру, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және т.б. шаралар арқылы жоғары білім беру сапасын жақсарту. Бұл жаңалықтар білім алушыларды мейлінше кең қамтып, педагогтар мен ата-аналар, тұтастай алғанда қоғамның ықыласын тудыруда.

Статья полностью >>

24.05.2013
Ақпараттық пәндер оқытушылары циклдік әдістемелік комиссиясының отырысы

19.03.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ақпараттық пәндер оқытушылары циклдік әдістемелік комиссиясының отырысы өткізілді. Отырысқа 23 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының 28 өкілі қатысты.

Келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Курстық және дипломдық жобалау барысында кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру - мамандар бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде;

2. «Деректер базаларымен жұмыс істеу үшін қосымша құру» шеберлік класы;

3. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (E-Learning) енгізу: қиындықтар және шешімдер іздеу.

Фотогалерея>>

20.03.2013
Наурыз думан, Наурыз той

Петропавл темір жол көлегі колледжінде 14.03.2013 – 20.03.2013 аралығында Наурыз мерекесіне қарсы жалпы гуманитарлық пәндердің апталығы өткізілді. Алдын ала құрылған жоспар бойынша сайыстар, тәрбие сағаттары, сазды кеш, конкурстар өткізілді.

14.03.2013 Колледж спортзалында «Қазақша күрес» және «Арқан тарту» спорт бәсекелері өткізілсе, қазақ тілі кабинетінде қазақтың ұлттық ойындары «Тоғыз құмалақ», «Асық ойнау» ойналды.

Фотогалерея>>

15.03.2013 «Жігіт сұлтаны» сайысы “сегіз қырлы, бір сырлы” жігітті анықтады. Оқушылар қазақтың мақал-мәтелдерін, қазақтың хандарын, батырларын, билерін атады. Дартс пен армреслингте бәсекелесті, қазақтың «Қара жорғасын» билеп, кір көтерді. «Жігіт сұлтаны» 1 курс оқушысы Куралов Бексултан болды.

Фотогалерея>>

18.03.2013 «Қазақтың салт-дәстүрлері» тәрбие сағаты оқытушы Ж. С. Мусина жетекшілігімен өткізілді. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырып «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді.

19.03.2013 Колледж акті залында «Наурыз думан, Наурыз той» мерекелік сазды кеш өтті (ұйымдастырушылар: А. Б. Сулейменова, Д. Ж. Ақышова). Акті залы безендіріліп, оқушылар бірнеше тілде әндер шырқады, қазіргі билер және басқа халықтардың билері орындалды.

Фотогалерея>>

20.03.2013 «Біз Наурыз тойы туралы не білеміз?» атты тәрбие сағаты өтті (оқытушы Р. С. Жамулдинова).

1, 2 курс оқушылары Наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін байқауына қатысты.

I орын – Э-11 топ;

II орын – Л-11 топ;

III орын – Д-23, Л-22 топтары.

20.03.2013
Түлек – 2013

15.03.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын түлектеріне диплом беру рәсімі өтті.

Салтанатты іс−шара бөлімше меңгерушісі Р.А.Задорожнаяның және директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Ш.Галимулиннің құттықтау сөзімен ашылды.

Әкімшілік пен оқытушылар құрамына алғыс білдіріп, колледж түлектері мен олардың ата-аналары сөз сөйледі.

Сәтті сапар, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдарыңда алған бар білімің мен іскерлігің сенің еңбек жолыңда сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді.

Фотогалерея>>

20.03.2013
Мағжан Жұмабаевтың 120-жылдығына арналған Web-олимпиада

Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы мектептер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары оқушыларының арасындағы Мағжан Жұмабевтың шығармашылық мұрасына арналған сайттар құру бойынша ақын, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың 120-жылдығына арналған Халықаралық Web-олимпиадаға қатысты.

Олимпиадалық тапсырманың негізгі мазмұны – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу жұмысын өткізу және жиналған материалдың негізінде Web-сайттар әзірлеу, құру және оларды Интернет желісіне орналастыру.

ПТКК командасы тапсырмаларды табысты орындап, ІІ орынды иеленді. Сайт үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) құрылды. Сайттың мекенжайы: zhumabayev.idhost.kz.

Жобаның жетекшілері арнайы пәндердің оқытушысы С.А.Павлович, қазақ тілі оқытушылары Ж.С.Мусина, Д.Ж.Ақышова, ағылшын тілінің оқытушысы А.А.Сайдалина болып табылады.

Фотогалерея>>

Страница 433 из 440