2013 жылғы 14 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында В-23 топтың (сынып жетекшісі Ж.А.Жағыпарова) және В-12 топтың (сынып жетекшісі С.Е.Красиков) қатысуымен әйел− ана, әйел – отбасының ұйытқысы, әйел – еңбекшіге арналған «Аз да болса, үлкен жүрекпен жасау (Ұлы әйелдер)» сазды-поэзия сағаты өткізілді. Қайырымдылық ісінің дамуына зор үлес қосқан ұлы әйелдердің қасиетіне де таң қалдырып, таңдай қақтырды. Ежелгі грек философы Платон олардың өзге қамы үшін тырысып жүріп, өз бақытын тапқандықтарын айтқан болатын.
Іс−шараның барысында танымал ақындардың өлеңдері оқылды, ұлы адамдардың әйелдер туралы айтқан сөздері айтылды, әйелдің сұлулығы мен жан жылуын паш еткен слайдтар көрсетілді.
2013 ж. 5 наурыз күні колледждің акт залында бітіруші топ оқушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Құрманкина Назира Сапарқызымен кездесуі өтті.
Кездесуде техникалық және кәсіптік білімді дамыту, оқу орындары түлектерінің кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және оларға біліктілік беру мәселелері, Біліктілік емтиханын өткізу рәсімі талқыланды.
2013 ж. 27 - 28 ақпан күндері Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары түлектерінің дипломдық жобаларын қорғаулары өтті.
Дипломдық жобалардың негізгі тақырыптары:
«Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үдерістерін технологиялық жобалау», «Топырақты экскаватормен, скрепермен бульдозермен өңдеу», «ПТ-60-90 турбинасының жылу қуаттылығын арттыру жолымен жылу сұлбасын қайта құру», «ЖЭО-на арналған су дайындау қондырғыларының сұлбасын таңдау. Үш камералы сүзгіні жөндеу технологиясы» және т.б.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы әрбір түлек мәлімдемесінің қызықтылығы мен сапасына лайық баға берді.
Барлық түлектерімізді құттықтаймыз!
2013 жылғы 27 ақпан Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында Д-12 топтың (сынып жетекшісі Ж.С.Мусина) және Д-11 топтың (сынып жетекшісі В.А.Симонов) қатысуымен «Арыңды жасыңнан сақта» атты жастарға адамгершілік тәрбие беру сабағы өткізілді.
Іс-шараның барысында қатысушылар «қарапайымдылық», «адалдық», «ар» сөздерінің беретін мағынасы жайлы айтты; махаббат, ар және сезім сұлулығы туралы лирикалық шығармалар орындалды.
Іс-шараның қорытындысы ретінде қатысушылардың назарына «Қыз Жібек» фильмінен кадрлар көрсетілді.
25.02.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Білім беру кызметкерлерінің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының аясында «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді.
Педагогикалық оқуларға келесі оқытушылар қатысты:
Л.Н.Жаравина «Техникалық және кәсіптік білім берудегі нәтижелі педагогикалық технологиялар»;
О.Н.Икоников «Оқытудың сапасын арттыру үшін шығармашылық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды қолдану»;
В.В.Филитов «Электроника» пәні бойынша интербелсенді оқытуды ұйымдастырудағы ақпараттық -коммуникативтік технологиялар»;
М.А.Айтымбетова «Интерактивтілік – тағы да сабақтың интерактивтігі туралы»;
Р.С.Жамұлдинова «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуден кәсіптік бағдарланған іс қағаздарын жүргізуге көшу»;
Н.П.Никитина «Еңбек нарығындағы жас маман»;
Е.Ю.Дорошенко «Сызудағы инновациялық технологиялар»;
П.Г.Вирко «IT-маман. Талап етілуі және келешегі».