ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






16.02.2016
«Ауған фотоальбомы» бейне набаты

2016 жылғы 12 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен бірлесе Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығарудың 27 жылдығына арналған «Ауған фотоальбомы» бейне набаты өткізілді. Осы іс-шараның аясында тарихи оқиғаға қатысқан Әбілев Серік Маратұлымен студенттердің кездесуі өтті.

Іс-шараны өткізуге Б-11 (сынып жетекшісі А. С. Оспанова), В-11 (сынып жетекшісі В. В. Филитов), В-12 (сынып жетекшісі С. Н. Гринькив) топ студенттері қатысты.

Студенттерді ауған соғысындағы оқиғалармен таныстыру, Ауғанстандағы кеңес әскерінің шектеулі контингентінің рөлі туралы айту, патриоттықты, парыз және абырой, ауған жауынгерлеріне құрмет сезімдерін тәрбиелеу іс-шараның мақсаты етіп қойылды.

Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылды. Интербелсенді тақтада «1979-1989 жж. Ауған соғысы» слайды, «На необъявленной войне…», «Мы уходим» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. Гитараның сүйемелдеуімен Б. Байзұлда мен В. Хлебуш ауған соғысына арналған әндерді орындады.

Подробнее
16.02.2016
«Болат магистраль тынысы» атты сынып сағаты

2016 жылғы 10 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова «Болат магистраль тынысы» атты тақырыптық сынып сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Д-11 (сынып жетекшісі Е. Ф. Баймышева), Э-12 (сынып жетекшісі В. А. Иванов) топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алғашқы темір жолдардың пайда болуы және дамуы жайлы қызықты да түсінікті етіп баяндап берді, орыс ғалымдарының шығармашылығымен, олардың темір жол көлігінің түрлі салаларындағы жаңалықтарымен таныстырды. Сондай-ақ түрлі мамандық иелері темір жолда еңбек ететінін, мамандықтардың барлығы маңызды, өзінше бірегей және келешегі зор екендігін атап өтті.

Интербелсенді тақтада слайдтар көрсетіліп, «Теміржолшы мамандығының мәртебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, «Черепанов паравозы», «Темір жол мамандықтары: «Диспетчер», «Машинист көмекшісі», «Тексеруші» бейнефильмдері қатысушылардың назарына ұсынылды.

Подробнее
16.02.2016
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» атты мәнерлеп оқушылар байқауы

2016 жылғы 10 ақпан күні Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» атты мәнерлеп оқушылар байқауы өтті.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің атынан байқауға студент Г. Д. Есбатырова (Э-33 топ), О. Б. Зияханов (Э-33 топ), С. И. Рақым (Л-33 топ) қатысты.

Байқау қорытындылары бойынша Г. Д. Есбатырова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, О. Б. Зияханов пен С. И. Рақымға қатысқаны үшін дипломдар берілді.

12.02.2016
«Тәуелсіздік жаңғырығы» атты мұражай сабағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінің I курс студенттері өнер мұражайында өткен «Тәуелсіздік жаңғырығы» атты мұражай сабағына және тақырыптық қойылымға қатысты.

12.02.2016
Петропавл ст. локомотив депосының мұражайы

2016 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Петропавл ст. локомотив депосының мұражайына барды.

10 мыңнан астам жәдігер: тұңғыш машинистердің өмірбаяндары мен суреттері, өткен жылдардан қалған бөлшектер мен жабдықтар балалардың назарына ұсынылды. Мұражай үшін XIX ғасырдың соңындағы мұрағат құжаты – темір жол төсемі құрылысы басшысының жеделхаты аса құнды. Онда пойыздар қозғалысының басталуы туралы айтылған. Тұңғыш пойыз Петропавл станциясының перронынан осыдан 120 жыл бұрын жөнелтілген болатын.

Страница 431 из 465