Ұлттық қаржы-экономикалық рейтингті саралау нәтижелеріне сай Петропавл темір жол көлігі колледжі «Жиынтық номинация» өлшемі бойынша ОКЭД 85.32.2 Қазақстан Республикасы орта кәсіпорындарының арасында (Арнайы орта білім) рейтинг Алтынына ие болды:
– Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының арасында 36 орын;
– Солтүстік Қазақстан кәсіпорындарының арасында 2 орын.
Айрықша нәтижелерінің арқасында Петропавл темір жол көлігі колледжі «Сала көшбасшысы-2015» жоғары атағына ие болды. Бұл дәреже колледж жетістіктерінің өзгеше екендігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы ұлттық көшбасшыларының тізімінде лайықты орын алуға мүмкіндік береді.
Басқару үдерісіне қосқан жеке сүбелі үлесі, еңбектегі жетістіктері, алдағы міндеттерді шешуге оңтайлы көзқарасы, өз ісіне берілгендігі және кәсіпқойлығы үшін Петропавл темір жол көлігі колледжі директорының орынбасары Лэйсире Фаруковна Курбанова «Жыл маманы-2015» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.
Жоғары кәсіпқойлығы, бастамашылдығы және кәсіпорынның дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін Петропавл темір жол көлігі колледжінің экономисі Елена Павловна Велижанская «Кәсіптік жетістіктері үшін» медалімен марапатталды.
2016 жылғы 1 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында қазақ тілінің оқытушылары Б. Б. Илюбаева, Ж. С. Мусина, А. С. Оспанова Алғыс айту күніне арналған «Гүлдене бер, мәңгілік ел Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараны өткізуде «Серпiн–2050», «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер белсенділік танытты.
Алғыс айту күні – бұл ең алдымен президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты, осы саясаттың арқасында Қазақстанда тыныштық пен татулық, барлық қазақстандықтардың өзара сенімі мен құрметі нығайып отыр.
Алғыс айту күні – біздің еліміздің барлық азаматтары бір-біріне құрмет білдіретін күн.
2016 жылғы 1 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран Алғыс айту күніне арналған «Отаныңа алғыс айт» атты сазды-поэзия сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге Б-22 және В-22 топ студенттері қатысты.
2016 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық мереке – Алғыс айту күні енгізілді. Оны ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев жарлығымен бекіткен болатын.
Қатысушылар Алғыс айту күні – бұл ең алдымен президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты, осы саясаттың арқасында Қазақстанда тыныштық пен татулық, барлық қазақстандықтардың өзара сенімі мен құрметі нығайып отырғанын, бұл мерекенің Қазақстанға келген түрлі этностан миллиондаған адамды құшақ жая қарсы алған қасиетті қазақ жеріне және халқына еткен тағзым екенін айтып өтті.
Іс-шараны өткізу барысында халықтар достығы туралы, Отан туралы қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылды. Интербелсенді тақтада слайдтар, «1 марта в Казахстане будут праздновать День благодарности», «Ассамблея народа Казахстана» бейнефильмдері көрсетіліп, «Қазақ жері туыс етті» кітап көрмесі назарға ұсынылды.
Аяулы асыл жандар!
Өмір әр кез жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарлардан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеге кеп орнасын.
8 наурыз – тіршілік атаулы оянып, айнала бүр жарып, гүлденетін көктемнің алғашқы күндерінде бізге келетін әсем мереке.
Осы күні көктемнің нәзіктігі, күннің алғашқы шұғыласы мен көктем гүлдерінің қайталанбас сұлулығы сіздердің жандарыңызды қуанышқа толтырып, өмір жолын ертеңгі күнге сенімділік, отбасындағы молшылық пен гүлдену сәтті етсін, ал сүйіктілеріңіз, туыстарыңыз бен достарыңыз сіздерге жарқын күлкілерін сыйласын!
Сіздерге денсаулық, көктемгі көңіл-күй, күннің шуағын, қуаныш пен сәттілік тілейміз!
Мерекелеріңізбен, қымбатты арулар!
2016 жылғы 1 наурыз күні «Өлкетану» факультативтік курсын оқыту аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінің І курс В-12 топ студенттері Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Пусть жизнь нам светится в надежде» мұражайлық сабағына барды.
Іс-шара біздің солтүстік қазақстандық жерлесіміз, ақын, публицист, журналист Щукин Владимир Даниловичтің туғанына 75 жыл толуына арналған. Сабақтың барысында балалар ақынның шығармашылығымен, оның кітаптарымен, журналдар мен газеттердегі оның мақалаларымен танысты, өлеңдерін тыңдап, автордың қатысуымен түсірілген бейнежазбаларды қарады. Отбасы мұрағатынан алынған сурттер, Владимир Даниловичке сыйға тартылған белгілі ақындар мен жазушылардың қолтаңбасы бар қолжазбалардан, кітаптардан тұратын «Көңілдің ақ қайыңдай аппақ сәулесі» атты көрме балалардың назарына ұсынылды.