Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында 2017 жылғы 4 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің АӘД кабинетінде Сталинград шайқасының 74 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті.
Іс-шараны өткізуге ДМ-11 және Л-12 топ студенттері қатысты. Сабақ барысында Қызыл әскер жауынгерлерінің ерлігі туралы деректі фильмдер, Сталинград шайқасының барысы туралы ақпарат берілген слайдтар көрсетілді. Сабақты АӘД оқытушысы А. М. Устинов дайындап, өткізді.
2017 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Р. Жақсыбековтің «Батыр күнін және 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру туралы» тапсырмасын орындау бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінде интербелсенді дәріс өткізілді. Дәріске І және ІІ курс студенттері қатысты.
2017 жылғы 28 сәуір күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Отан жауынгері» әскери-спорттық жарыстары өтті.
Жарыстарға I и II курстардың құрама командалары қатысты. Балалар АӘД бөлімдері бойынша нормативтерді орындауда жарысты. Калашников автоматын толық емес бөлшектеуде Языков Константин (Л-11 топ) үздік уақыт көрсетіп, автоматты жинауда Горностаев Дмитрий (Э-21 топ) үздік деп танылды, атыс және кермеге тартылуда Чернов Владислав (Л-12 топ) топ жарды.
Жарыстар қорытындылары бойынша жалпы есепте ІІ курс командасы жеңіс тұғырынан көрінді.
2017 жылғы 27 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі және «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ Халықаралық мамандандырылған «EXPO–2017» көрмесі мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 60 жылдығына арналған «Жасыл экономика – Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық ғылыми жобалар байқауын өткізді.
Байқауға Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Герасимова Юлия қатысты. Байқаудың қорытындылары бойынша Юлия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысушыны дайындағаны үшін оқытушы Құсайынова Айгүл Зейнулқызы сертификатпен марапатталды.
2017 жылғы 19 және 20 сәуір күндері «Патриот» айлығының аясында Петропавл теміржол көлігі колледжінің Э-11 және Л-12 топ студенттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің әскери-патриоттық тәрбие орталығына барды. Экскурсия барысында балалар мұражайға, авиамодель және радио клубтарына, әскери жүргізушілерді даярлау сыныптарына барды, ӘТМ тәрбиеленушілері әскери даярлықтан өтетін казармаларда, оқу аудиторияларында және басқа да тұрмыстық жайларда болды.