ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






25.05.2017
Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналастыру

«Жасыл ел» жобасы жастарға жазғы демалыс уақытында түрлі бағыттар: құрылыс, елді-мекендерді көгалдандыру (ағаштарды отырғызу, арам шөп жұлу, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазалау және т.б.), қаланы абаттандыру бойынша студенттер жасағында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Жасыл ел» жобасына қатысу үшін еңбек шартын жасауға қажетті құжаттарды алып, Петропавл қаласының жастар еңбек жасақтарының штабына бару керек. Жалақы жұмыс көлеміне байланысты 30 000 бастап 60 000 теңгеге дейін белгіленген.

Жұмыс көлемін берушіге жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Жеке куәлік;

2. Зейнетақы шарты;

3. 086-У медициналық анықтамасы;

4. «Қазпошта» АҚ жалақы есебі;

5. Мекенжай анықтамасы;

6. Нысан бойынша анықтама;

7. Деректерді өңдеуге келісім;

8. Салық жеңілдіктеріне өтініш;

9. Кәмелетке толмағандар үшін – жұмыс істеуге ата-аналарының рұқсаты.

Жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Жеке куәлік;

2. Нысан бойынша өтініш;

3. «Қазпошта» АҚ жалақы есебі;

Кәсіпорыннан берілетін құжаттардың тізімі:

1. Шарт;

2. Жауынгерлердің тізімі;

3. Орындалған жұмыстардың акті;

4. Жұмыс уақытын есепке алу табелі.

Анықтама телефондары: 8-707-400-46-57, 8-775-400-46-57.

Подробнее
23.05.2017
«Ұлан-2017» спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау

23 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің акт залында «Ұлан» облыстық спартакиадасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Іс-шара Петропавл теміржол көлігі техникумының 1972 жылғы түлегі әскери офицер Платохин Александр Геннадьевичтің келуімен тұспа-тұс келді.

Петропавл теміржол көлігі колледжінің директоры Шатковский Михаил Леонидович құрметті қонақпен бірге балаларды құттықтап, салтанатты түрде жеңімпаздарды грамоталар және медальдермен, сондай-ақ ауыспалы кубокпен марапаттады. Іс-шараны қортындылау үшін 2017 ж. 7 мамыр күні ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай Астана қаласында өткен әскери шерудің жазбасы көрсетілді.

20.05.2017
«Ұлан-2017»

19 мамырдан бастап 20 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтының базасында Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің арасында «Ұлан» облыстық әскери-спорттық спартакиадасы өтті.

Жарыстың бірінші күні командалар сапқа тұру дайындығы, азаматтық қорғаныс, атыс дайындығы және кедергі жолағынан өту бойынша бақ сынасты. Соңғы күні атыс және көпсайыс бойынша жарыстар өтті.

Екі күндік спартакиада қорытындылары бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы келесі нәтижелерді көрсетті:

– атыс дайындығы – I орын;

– бірыңғай кедергі жолағынан өту – I орын;

– азаматтық қорғаныс – II орын;

– сапқа тұру дайындығы – III орын.

20.05.2017
«Таза орман» экологиялық байқауы

2017 жылғы 20 мамыр күні «Жас Отан» Жастар Қанаты Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен «Таза орман» экологиялық байқауы өткізілді. Байқау барысында орманды қоқыстан тазалау жүргізілді.

Байқаудың қортындылары бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы бірінші орынды иеленді.

18.05.2017
«Жасыл планета – 2017» облыстық экологиялық слеті

2017 жылғы 18 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің «Жас әлем» клубы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында өткізілген «Жасыл планета – 2017» облыстық экологиялық селтіне қатысты.

Балалар слеттің барлық кезеңдерінде белсенді жұмыс істеді: экоклубтың «визит карточкасын», клуб жұмысы туралы есеп ұсынып, түрлі байқаулар өткізген кезде өдерін жақсы көрсете білді.

Слеттің міндеттері – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, табиғат қорларына ұқыпты қарауды насихаттау және табиғи биотүрлерді сақтау.

Страница 385 из 445