2013 жылғы 24 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы колледж әдіскерлері циклдік әдістемелік комиссиясының отырысы өтті. Қатысқандар: Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы А.М.Құсайынова, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Н.М.Гордеева, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.К.Әбілмәжінова (ЦӘК төрайымы), облыс колледждері директорларының орынбасарлары мен әдіскерлері.
Отырыста дипломдық және курстық жобалауды ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастық, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарды аттестаттау мәселелері қарастырылды.
ПТКК әдіскері И.Ю.Погребняк біздің колледжімізде курстық және дипломдық жобалауды ұйымдастыру кезінде кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру жөнінде баяндама жасады. Арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы Б.В.Шипулин мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшін дипломдық жобалауды ұйымдастыру кезінде әлеуметтік серік кәсіпорындармен бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы әңгімеледі. Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету циклдік комиссиясының төрағасы В.В.Кревень және арнайы пәндердің оқытушысы П.Г.Вирко мамандық оқушыларының әлеуметтік серік кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша нақты дипломдық жобаларды орындау тәжірибесімен бөлісті.
2013 ж. 23.05 Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қолдар» акциясына қатысты.
2013 жылғы 17 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары Тайынша агробизнес колледжінің базасында өткен облыстық «Зеленая планета 2013» экологиялық слетіне қатысты.
2013 жылғы 11 мамыр күні Халықаралық зерде вахтасы жауынгерлерімен салтанатты кездесу өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжінің 7 оқушысы Тула облысы Белёвский ауданында жауынгерлердің сүйегін көтеруге қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 6 жауынгердің сүйегі көтерілді, бір жауынгердің есімі анықталды.
«Алғыс» әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы А.В.Самойлов қайтыс болғаннан кейін «Шагнувший в бессмертие» медалімен марапатталды.
2013 жылғы 6 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының акт залында Т-11 топтың (сынып жетекшісі Л.А.Клышпекова), Д-12 топтың (сынып жетекшісі Ж.С.Мусина) және В-11 топтың (сынып жетекшісі А.И.Тимонин) қатысуымен оқ иісі сіңген жолдарды атыс даласынан алып шыққан соғыс жылдары ақындарына арналған «Барлығын атап еске алайық» - «Вспомним всех поименно» сазды-поэзия сағаты өтті.
Іс-шараға қатысушылар соғыс жылдарында туған және осы күні біздің жүрегімізді тебірентіп жүрген поэзия шумақтарын оқыды. Бұл Бауыржан Момышұлы, Константин Симонов, Сырбай Мәуленов, Ольга Бергольц, Жамбыл Жабаев, Юлия Друнина, Мұса Жәлел және басқа да қайраткерлеріміздің тамаша және ұмытылмас жыр жолдары, әндері және прозалық шығармалары.
Іс-шара барысында әскери тақырыптағы слайдтар және «Священная война», «Герои былых времен» және «День Победы» бейнеклиптері көрсетілді.