ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






17.10.2018
ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебіне бару

2018 жылғы 16 қазанда Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің алғашқы әскери дайындық бойынша оқытушыларымен оқу-дала жиындарын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі базасында Б-21 және ПО-21 екінші курс топтарына сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер әскери қызметшілерді орналастыру тәртібімен, тұрмыстық үй-жайлармен, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысымен, сондай-ақ Қарулы Күштердегі саптық және спорттық дайындықтармен танысты. Сабақ соңында балалар мұражаймен, радио - және авиамодель клубтарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біздің елімізде әскери қызметтен баламалы өту бар – бұл әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде оқудан өту. Қазіргі уақытта баламалы қызметті 24-27 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтары өте алады. Оқыту 40 күн көлемінде өтеді, одан кейін тәрбиеленушілер әскери ант қабылдайды және әскери билет алады.

Подробнее
17.10.2018
«Тіл мерекесі – ел мерейі» әдеби-сазды кеш

2018 жылдың 17 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқу залында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Д.Ж.Ақышова мен А.Қ.Қабденова «Тіл мерекесі – ел мерейі» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Іс–шараға Б-11, Д-11, Б-21, Э-22 топ студенттері белсенді қатысты.

Іс–шара кезінде қазақ тілі және орыс тілінде әндер шырқалып, белгілі авторлардың тіл достығы туралы өлеңдері оқылды, презентация мен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны ретінде» атты бейнеролик көрсетілді.

05.10.2018
«Жерлестер-менің мақтанышым» интерактивті сағаты

2018 жылғы 05 қазанда Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қорытындысы бойынша Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде тәрбиеші В. Г. Журавлева «Жерлестер – мақтанышым менің» атты интерактивті сағат өткізді. Іс-шараны өткізуге I курс топтары қатысты: ПМ-11, ПО-11 және ЭРУ-11.

Балаларға Астанада «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары мен Н.Ә.Назарбаевтың кездесуі туралы фильм көрсетілді. Онлайн-режимде кандидатуралар үшін 1,5 миллион азамат дауыс берді. Нәтижесінде 102 жеңімпаз анықталды – Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен әр түрлі өңірлерден, жас пен ұлттардан келген адамдар. Солтүстік Қазақстан облысынан жобаға 178 адам қатысты, оның 60-ы – білім беру саласының қызметкерлері.

Жоба қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан 8 адам жеңімпаз атанды. Олардың жетістіктері туралы балалар Махова Алина (Э-21 топ студенті) дайындаған «Жерлестер – мақтанышым менің» презентациясынан толығырақ білді.

Подробнее
29.09.2018
СҚО әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының «Отан Қорғаушы-2018» облыстық слеті

2018 жылғы 28 қыркүйекте Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери институты базасында «Отан Қорғаушы-2018» облыстық әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының слетіне қатысты. Әскери институттың саптық алаңында салтанатты саппен әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтардың тәрбиеленушілері сапқа тұрды.

Биыл слетке әр облыстан 100-ден астам бала, 21 команда келді. Соңғы 7 жылда мұндай қатысушылар саны алғаш рет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерекше рекорд. Шеруден кейін командалар спортзалға жарысқа көшті. Балалар күш-жігерін, ептілігін, жинақылығын, автоматтарды тез жинап, бөлшектеуді, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды көрсетті, белтемірге тартылып, арқан тартудан жарысты.

Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы үш кезең бойынша – әскери эстафетада жеңімпаз атанды. Жалпы есепте Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі 5 орынға ие болды.

Подробнее
25.09.2018
Мәскеу түбіндегі шайқасқа арналған әскери-спорттық жарыстар

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі базасында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу түбіндегі шайқасқа арналған әскери-спорттық жарыстар өтті. Жарысқа бес команда қатысты: Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі, Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі, Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі және «Жас Батыр» ӘПК.

Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің команда құрамы: Требин Владимир (ПМ-21), Синичкин Владислав (ПМ-21), Вульф Виктор (СДМ-21), Ибраев Вадим (СДМ-21), Маренков Евгений (ПМ-22).

Жарыс үш кезеңнен тұрды: әскери эстафета, белдемде тартылу, арқан тарту.

Жарыс нәтижесі.

Әскери эстафета:

1 орын – Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі;

2 орын – Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі;

3 орын – Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі.

Белдемде тартылу:

1 орын – Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі;

2 орын – Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі;

3 орын – Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі.

Арқан тарту:

1 орын – Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі;

2 орын – Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі;

3 орын – Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі.

Жалпы есепте Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі иеленді. Қазылар алқасының құрамына интернационалист-жауынгер Серік Маратұлы Абилев шақырылды. Жарыс барысында Бункова Романның (СТС-21) орындауында гитарамен патриоттық әндер шырқалды.

Подробнее
Страница 383 из 475