
2025 жылдың 7 қазанында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында студенттер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдерге қатыгездік пен зорлық-зомбылық ұғымдарын түсіндіру, оны болдырмау жолдарын көрсету; зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заңдармен таныстыру; құрдастар арасындағы қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа теріс көзқарас қалыптастыру, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу. Іс-шара барысында жасөспірімдер зорлық-зомбылық түрлерін талқылады, тәуекел факторларын анықтады, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қауіпті жағдайларда өзін ұстау ережелерін ұсынды, сондай-ақ өздеріне қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмін еске түсірді.


2025 жылғы 3 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Болашаққа рельстер» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Бірінші курс студенттерінің ата-аналары мен №32 мектептің оқушылары теміржол саласындағы мамандықтармен танысты. Колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөз сөйледі. Оқытушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, онда қонақтар маман рөлінде өздерін сынап көріп, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Кездесуге теміржол саласының өкілдері қатысты:Чижаковский Андрей Сергеевич – Оңтүстік-Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінің жетекші инженері;Сафонов Александр Иванович – оқыту бойынша нұсқаушы-машинист;Чорий Виталий Анатольевич – локомотивтерді қарау және жөндеу слесары;Иванов Константин Евгеньевич – тепловоз машинисінің көмекшісі.Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.


2025 жылғы 2 қазанда Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ТжКБ қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекені колледж директоры Анатолий Павлович Фурманюк ашты.
Алғаш рет колледждің гимні орындалды. Оның өлең жолдары ТжКБ жүйесінің құндылықтарын, миссиясын және маңыздылығын бейнелейді. Гимнді көркемдік жетекші В.В.Лопухов жазған.
Одан әрі марапаттау рәсімі өтіп, студенттердің көмегімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Салтанатты іс-шараның қорытындысында уақыт капсуласы болашақ студенттерге арналған тілектермен бірге 5 жылдан кейін ашылатын күні көрсетіліп, QR-кодпен бекітілді. Кейін капсула колледж мұражайына қойылды.
Бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығына, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығына және елдің дамуына ТжКБ жүйесінің негізгі рөліне бағытталған.

2025 жылғы 1 қазанда «Еңбек аллеясы» жобасы аясында, келер ұрпаққа даналықты жеткізуді білдіретін игі дәстүр ретінде, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің аумағына ағаштар (емендер) отырғызылды.
Іс-шараға колледж директоры А.П.Фурманюк , өндірістік оқыту шебері А.Н.Черный және «Экологиялық денсаулық жолы» клубының студенттері қатысты.


Қарағанды құйма-машина жасау зауыты мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті бірлесіп ұйымдастырған машина жасау бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпазы – «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алушыларды 4 курс студенті Николай Березканы шын жүректен құттықтаймыз!