

2025 жылдың 13 қазанында Байкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері Петропавл қаласындағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі базасында ұйымдастырылған «Студент және заң: өзекті сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» конференциясына қатысты. Кездесуде маңызды және өзекті мәселелер талқыланды: Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Е.Н.Завьялова студенттердің жеке қауіпсіздігі және комиссияның балаларды қорғаудағы рөлі туралы айтты; кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар А.И.Шоканова мен Д.Е.Муканова құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік, сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жүру, алкоголь ішу және бұзақылық туралы еске салды; С.Н.Зайцева «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды түсіндірді; О.С.Симухина АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупі мен АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтары туралы баяндады; Д.Б.Абдин студенттердің әлеуметтену бағыттары мен еріктілер жобалары туралы мәлімет берді. Конференция студенттер мен мамандар арасында ашық диалог алаңы болып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
Дылдина П.А. – әлеуметтік педагог


2025 жылдың 13 қазанында Байкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Б-21 және Л-11 топтарының студенттері «Эко IQ» атты интеллектуалдық ойынға қатысты. Іс-шараны «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-нің жастар бастамалары бөлімі ұйымдастырды. Қатысушылар үш командаға бөлініп, ойын барысын жанкүйерлер мен қазылар алқасы бақылады. Ойын екі кезеңнен тұрды, әр кезең студенттердің білім деңгейін, логикасын және экологиялық саналы көзқарасын тексеруге бағытталды. Әрбір сұрақ экологияның әр адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді. Командалар тек сайысып қана қоймай, өз пікірлерін білдіріп, қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Ойын соңында қатысушыларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Чубарова Е.Н. – педагог-ұйымдастырушы, экоклуб жетекшісі


2025 жылдың 11 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері, оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, тәрбиешілері мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысып, туған қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты көзқарасты насихаттау.
Муканова Л.А. – директордың ӘШБ орынбасары


2025 жылғы 10 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Колледж директоры А.П.Фурманюк колледждің білім беру саясаты, оқыту мен тәрбиелеудегі басым бағыттар жөнінде жалпы ақпарат ұсынды. Колледж бен ата-аналар, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру, студенттерге табысқа жетуге, сенімділік пен дамуға жағдай жасау, адал әрі жауапты азамат тәрбиелеу мақсатында жиналысқа келесі қонақтар шақырылды: Мустафина Ж.Ж. – полиция капитаны, Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы; Ильясова А.С. – полиция майоры, Петропавл қаласы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы; Майсеитов Б.К. – полиция аға лейтенанты, интернет-алаяқтық мәселелері бойынша криминалдық полиция бөлімінің қызметкері; Завьялова Е.Н. – Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы. «Біз біргеміз: колледж бен отбасындағы қолдау мен өзара түсіністік атмосферасы» тақырыбында ата-аналармен тренингтерді ППП орталығының психологтары А.А.Шаймерденова мен А.А.Мухамедина өткізді. Жиын соңында топ кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлері оқу үдерісі мен сабақтан тыс өмірдің өзекті мәселелерін атап өтіп, студенттерді оқыту мен бейімдеу барысындағы қолдау жолдарын бірлесе талқылады.
Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары


2025 жылғы 10 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін Қазақстан Республикасының Президенті жолдауы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Шараның спикері – «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Болат Ташимович Кожахметов болды. Кездесу барысында Жолдаудың негізгі басым бағыттары талқыланды: көлік-логистика саласын дамыту, барлық өмір саласын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, ауыл шаруашылығы саласын өркендету, жұмысшы мамандардың беделін арттыру
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор