Желтоқсанның 20-сынан 26-сына дейін аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының апталығы өтті. Апталық ішінде студенттер әртүрлі сайыстарға, ойындарға, байқауларға, саяхаттарға қатысты. Апталық техникалық бюллетеньдер мен мамандық бойынша әдебиет көрмесінен басталды.
2017 жылғы 21 желтоқсан күні «Электрик мамандығы» атты турнир өтті, турнир барысында студенттер болашақ мамандық бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Апталық «Сен және сенің болашақ мамандығың» атты ойынмен жалғасты, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының І және ІІ курс студенттері қонақ ретінде шақырылды. Зияткерлік жарысқа ІІІ курстың 3 командасы шықты. Ойын жеті кезеңнен тұрды: ширату, шытырман, «Беруши» жанкүйерлермен ойын, «Дұрыс па? Бұрыс па?» ғылыми баяндама, электрдің білгірі, «Тапсырмадан озып кетеміз», капитандар жарысы. Алынған балдарға сәйкес Э-31 топ І орынға, Э-33 топ ІІ орынға, Э-32 топ ІІІ орынға ие болды.
2017 жылғы 25 желтоқсанда «Қолымыздағы электр» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: таңдаған мамандық бойынша кәсіби дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеу және ойлау дағдыларын жетілдіру.
2017 жылғы 26 желтоқсанда ІІ курс студенттер үшін ЭЧ-4 саяхат ұйымдастырылды. Студенттер сұрақтарды қойып, болашақ мамандықтың ерекшеліктерін нақтылады.
2017 жылғы 15 желтоқсан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Тәуелсіздік түндігі – Астана!» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары А. Б. Сүлейменова, Д. Ж. Ақышова, Р. С. Жамулдинова ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаттары: студенттерге еліміздің бас қаласы, астанасы – Астана туралы мәліметтер беру, Астана қаласының әсем жерлерімен, ол жерлердің құрылу тарихымен таныстыру.
Әдеби-сазды кештің өту барысында студенттерге интербелсенді тақтада бейнефильмдер және слайдтар көрсетілді.
2017 жылғы 14 желтоқсан күні күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Еңсесі биік Тәуелсіз Қазақстан» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Б. Ж. Нуртазина ұйымдастырды.
Іс-шараны ұйымдастыруға ДСП–11 ижәне Л–11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылары Қазақстан ширек ғасыр бойы азаматтық қоғамды құру үшін ішкі тұрақтылықты, құқықтық және заң негіздерін нығайтып, сақтаған қарқынды дамыған ел болғаны туралы айтты. Тәуелсіздігіміздің әрбір жылы – еліміздің даму кезеңі болып табылады. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.
Іс-шараға қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдерді оқыды. Тарихи сағаттың өту барысында студенттерге интербелсенді тақтада «Тәуелсіз Қазақстан», «Елбасы-Елдің тұтқасы» және «Елім менің» бейнефильмдер және слайдтар көрсетілді. Оқырман залында «Қазақстаным – болашағым!» атты кітаптар көрмесі әзірленді.
2017 жылғы қарашаның 15-інен бастап желтоқсанның 10-ына дейін аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Дүниежүзілік компанияның «Денсаулыққа құқық» ұранымен АИТВ алдын алу айлығы өтті.
Айлық «Мен досымды АИТВ/ЖИТС-тен сақтандыру үшін оған не айтар едім?» тақырыбындағы шығармаларды жазумен басталды. Балалар өзін және өз туыстарын бұл «Обадан» сақтану ойларымен бөлісті.
Дүниежүзілік компанияның АИТВ алдын алу аясында тақырыптық сынып сағаттары, семинарлық сабақтары өткізілді, «Незримая война», «Разговор о ВИЧ с Верой Брежневой» атты фильмдері көрсетілді.
І және ІІ курс студенттері үшін тарихи-өлкетану мұражайындағы «Дорога в никуда» тақырыптық сабағына экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар есірткіні, темекіні, алкогольді пайдаланудың жаңа қырлары туралы білді, патологиялардың ылғалды препараттарының адам ағзасына қауіпті әсер етуін өз көзбен көруге мүмкіндік алды.
Айлық аясында келесі жалпыколледждік іс-шаралар өткізілді:
– «СӨС" тақырыбындағы КТК;
– Петропавл қаласы ЖИТС орталығы өкілдерінің қатысуымен «Жастар АИТВ-сыз өмір таңдайды» акциясы, қалаушылар АИТВ-ке талдауларды тапсыра алды;
– «Қазіргі әлемдегі АИТВ/ЖИТС» тақырыбындағы студенттік конференция;
– студенттердің арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша әңгіме;
– ерте және қорғалмаған жзыныстық қатынастарға түсу туралы әңгіме;
АИТВ алдын алу айлығы кезінде студенттер АИТВ-ке байланысты білімдерінің жоғары деңгейін көрсетіп, жоғары белсенділігін көрсетті.
Колледждің "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ әлеуметтік серігі 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» 0907000 «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығының ІІІ курс студенттеріне арналған ғылыми жобалардың жыл сайынғы байқауын өткізуде.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2017 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін, ғылыми жобалар 2018 жылғы сәуірдің 15-іне дейін қабылданады.
Байқаудың жеңімпаздарына "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ атаулы корпоративтік стипендия тағайыдалады.
Студенттерді байқауға қатысуға шақырамыз! Байқауда қатысуға сұрақтар бойынша колледждің әдістемелік кабинетіне жүгініңіз.