ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






30.04.2019
«Сені жырлаймын, менің туған Қазақстаным» атты поэтикалық мәнерлеп оқу сайысы

2019 жылдың 30 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Ж. С. Мусина мен Д. Ж. Акышовамен «Сені жырлаймын, менің туған Қазақстаным» атты поэтикалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыс мақсаты: Адамгершілік және азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, халық дәстүріне, ел тарихына деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Сайысқа I және II курс студенттері қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша 1-орынды Б-21 топ студенті Смирнова Мария, 2-орынды Шамуратов Алмат ПВ-21, 3-орын Петрова Анна Д-22 топ студенті марапатталды.

Барлық студенттер қазақ тілінен білімдерін көрсетіп, мәнерлеп оқу шеберліктерін танытты.

27.04.2019
Қалалық сенбілік

2019 жылдың 27 сәуірінде Петропавл қаласында қоғамдық іс-шара - қалалық сенбілік болды. Себілікке Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері (Л-11, Т-11 және ПМ-11 топтары) белсенді қатысты. Қоғамдық акция өткізілгеннен кейін студенттер флешмобқа қатысты.

26.04.2019
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

2019 жылдың 26 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған концерт өткізілді.

Қазақстан-бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын көпұлтты ел. 1 мамыр-бұл мемлекеттік, қоғамдық маңызы бар мереке. Қазақстан халықтарының бірлігі күні-әр түрлі ұлттар мен этностардың өкілдеріне құрмет көрсету және назар аудару, достықтың жылы сөздерін айту, жақсылық пен игілік тілегінің тамаша себебі. Қазақстандықтар әңгімелесушінің қай ұлттан екенін ойламайды. Оларды қандай адам, оның бейнесі, мінез-құлқы мен тәрбиесі қызықтырады. Сондықтан Қазақстан халықтарының достығы – біздің көпұлтты еліміздің даму және өмір сүру Заңы.

26.04.2019
«ХХІ ғасырдың зияткерлік жастары» Халықаралық экологиялық форум

2019 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында Қазақстандағы жастар жылына арналған «XXI ғасырдың зияткерлік жастары» Халықаралық экологиялық форумы өтті.

Форумға Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Андрейчиков Николай қатысты. (СТС-21 топ). Николай «Адам денесіндегі қоқыс хайтек» тақырыбымен «Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы» секциясында сөз сөйледі. Сондай-ақ Николай дөңгелек үстел басында «Қоршаған ортаға технологиялық прогрестің әсері» тақырыбын талқылауға белсенді қатысты.

Форум күндізгі және сырттай түрде өтті. Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

25.04.2019
«Таза бейсенбі» акциясы

Петропавлда «Таза бейсенбі» акциясы басталды. Акция үш ай бойы әр аптада өтілетін болады.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері акцияның өтуіне белсенді қатысты.

Страница 334 из 445