2022 жылғы 21 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде " Қыран елім-Қазақстан!" патриоттық акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы күніне арналған "Біз және заң" зияткерлік турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты-қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және студенттік ортада құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Құқық және тәртіп фракциясының белсенділері Student Parliament Club, "Жас сарбаз" және "Саналы ұрпақ" клубтарының мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасын, Конституция баптарын және еліміздің рәміздерін білуде бақ сынасты. Қазылар алқасына Student Parlament Club депутаттары шақырылды. Турнирге қатысушылар жоғары білім деңгейін және кең интеллектуалды ой-өрісін көрсетті.
Подоляник А.А. - жастар ісі жөніндегі инспектор
Қазіргі таңда облыстың барлық білім беру нысандарында студенттер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің төтенше жағдай мен лаңкестік қауіптерге ден қою тиімділігін арттыру мақсатында оқу және оқу- жаттығулары өтуде.
2022 жылдың 20 қазанында Петропавл машина жасау және көлік колледжінде студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтай отырып, оқу ғимараттарының миналау жұмыстарын имитациялау кезінде эвакуациялық оқу- жаттығу өткізілді.
Семеско В.Г. – директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
2022 жылғы 20 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы күніне арналған "Күшті және епті" ұранымен көңілді старттар ұйымдастырылды.
Іс-шараға 30 адам, 1 курс студенттері қатысты . Студенттер өздерінің жылдамдықтарын, күштері мен төзімділіктерін көрсетуі керек еді.
Орындар келесідей бөлінді:
1 орын-"Казинаки" командасы Д-11 тобы;
2 орын - "Домино" командасы ср-11 тобы;
3 орын- "Масловские" командасы с-11 тобы.
Малахова А. М. - дене шынықтыру оқытушысы
2022 жылы 20 қазанда Республика күні қарсаңында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!» атты кураторлық сағат өтті. Мақсаты - оқушыларды Қазақстан туралы қызықты деректермен таныстыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту. 25 қазан - еліміз үшін маңызды күннің бірі. Дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді.
Кураторлық сағат ұстаздың кіріспе өзімен және студенттердің Отан туралы үш тілде өлең шумақтарын айтуымен басталды. Содан кейін студенттер «Сен білесің бе?» викторинасына қатысып, Қазақстанның ерекше адамдары, оқиғалары, сәулет нысандары мен табиғат ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауап берді. Әрбір сұраққа түсініктеме беріліп, қосымша ақпарат берілді. Сынып сағатының соңында балалар «Мен өз Отанымды неге сүйемін» тақырыбында белсенді түрде пікір алмасты, плакаттарда үлкен қызығушылықпен жұмыс істеді, өз ойларын жазып, сызба түрінде түсіндірді.
Абдулхаимова И.С. – ӘБ кураторларының төрағасы
2022 жылдың 20 қазанында Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бірінші курс студенттері Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Балалар Қазақстан Республикасы күніне арналған "Біз өмір сүріп жатқан Республика" тарихи-танымдық турниріне белсенді қатысты.
Мақсаты: азаматтықты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Кездесуге СҚО бойынша Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының төрағасы Эрик Иванович Таттыбаев. шақырылды. Эрик Иванович әр азаматтың ел болашағы үшін қосқан үлесі қаншалықты маңызды екенін айтты. Біздің студенттер өз Отанының тарихы туралы жақсы білім көрсетті. Турнирдің жеңімпазы Скачкова София болды.
Кусаинова А.З - Тарих және география пәнінің оқытушысы