2025 жылғы 11 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бітіруші топ студенттерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ш.Ақановпен кездесуі өтті. Абылайхан Шыңғысұлы жиналғандарға Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілер санатына жататындарды, мемлекеттік қызметшілердің қандай артықшылықтары бар екенін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің немен айналысатынын түсіндірді. Мемлекеттік қызмет істері, мемлекеттік қызметке тестілеу туралы.Кездесу соңында студенттер көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
2025 жылдың 7 наурызы күні Петропавл қаласындағы Байкен Ашимов атындағы Машинажасау және көлік колледжінде «Интернет алаяқтық» тақырыбында дәріс өтті. Шараға Петропавл қаласы ПБ полициясы ОИС бастығы, подполковник Г.С.Гарипова қатысты. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары қатысып, интернет алаяқтығының заманауи түрлері және оларға қарсы қорғау әдістері туралы мәлімет алды. Алаяқтықпен күрес саласында мол тәжірибесі бар спикер фишинг, банк карталарымен алаяқтық, жалған сайттар мен әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың кең таралған әдістерін айтып берді. Алаяқтардың пайдаланушылардың жеке деректерін қалай алатыны және осындай жағдайлардан қалай қорғануға болатыны туралы ерекше айтылды.
Дәрістен кейін студенттер полиция өкіліне пайдалы ақпарат үшін алғыс айтып, мұндай кездесулердің цифрлық сауаттылықты арттыру мен құқықтық білімді қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Т.А. Шустова студенттердің мерекелік күндерде уақыттарын ұйымдастыру бойынша кеңестер беріп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексін (ӘҚБтК) сақтау қажеттігін еске салды. Іс-шараға барлығы 180 адам қатысты.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 7 наурызында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері Қызылжар ауданының Соколов орта мектебіне кәсіби бағдар берумен барды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты жұмысшы мамандықтарды дәріптеу болып табылады. Оқушылар колледжге түсу туралы сұрақтарға жауап алды, мамандықтармен тікелей колледжде оқитын студенттерден танысты. 25 оқушыны қамту.
2025 жылғы 6 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында өткен "Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз өмір" диалогтық кездесуіне қатысты. Диалог алаңының жұмысына СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс - қимыл басқармасының аға жедел уәкілі М.И.Балацкая, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы А.С.Абжанова, СҚО ДІБ КҚТжДО сарапшы - талдаушысы Е.О.Березина, СҚО ДІБ КҚТжДО сарапшы-талдаушысы А.А.Галиаскаров қатысты. Киберқылмыс мәселелері және олардың алдын алу әдістері, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен діни экстремизмнің алдын алу талқыланды.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
Мереке қарсаңында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған Ақан сері атындағы облыстық филармонияның концерті өтті.