ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






21.06.2019
«Этнотаун-2019» облыстық жастар фестивалі

21.06.2019 жыл «Рух.Тіл. Жаңғыру» қоғамдық бірлестік СҚО әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар жылын мерекелеу аясында «Этнотаун-2019» атты фестиваль өткізді.

Іс-шара қатысушылары колледж оқытушылары мен студенттері, шығармашыл жастар, кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлері. Байқауда жалпы 6 команда жарысқа түсті.

«Мәңгілік ел жастары» құрама командасының құрамына Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Э-31 топ студенті Дуйшанбе Азамат енді.

Мақсаты: қазақстандық бірлікті, патриотизмді, адамгершілік-мәдени өзара іс-қимылды және ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігін насихаттау, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және нығайту.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1. «Сәлем – сөздiң анасы» – команданың таныстыру - тұсаукесері;

2. «Өнерлiге өрiс – кең» – үй тапсырмасы, шығармашылық қабілеттер мен таланттарды көрсету;

3. «Ас адамның арқауы» – ұлттық асүйдің тұсаукесері.

Сөз сөйлеуден басқа, қатысушылар асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты халық ойындарында мықтыларды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша облыс колледждерінің «Мәңгілік ел жастары» командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

19.06.2019
Халықаралық нашақорлықпен күрес күні

Жыл сайын бүкіл әлемдік қоғамдастық 26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен күрес күнін атап өтеді. В этой связи, 19 июня 2019 года Управление по противодействию наркопреступности ДП СКО совместно с молодежным общественным объединением «Молодежь за ЗОЖ!» провела спортивную акцию «Тренировка с чемпионами!». Осыған байланысты, 2019 жылғы 19 маусымда СҚО ЖП есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы «Жастар СӨС үшін!» жастар қоғамдық бірлестігімен бірігіп, «Чемпиондармен жаттығу!» спорт акциясын өткізді.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері жеңіл атлетика, спорттық бағдарлау, тай боксы және жеке салмағы бар күш жаттығулары бойынша мастер-класстарға қатысты. Ең белсенді қатысушылар футболка алды.

11.06.2019
«Таза сессия» акциясы

2019 жылдың 11 маусымында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде оқытушы И.А.Сергеевамен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама» тақырыбында сұхбат жүргізілді.

Қатысушылар республикалық «Таза сессия» акциясына қосылды, оның негізгі мақсаты сынақтар мен емтихандарды тапсырудағы ашықтық, сапа және академиялық адалдық болып табылады.

09.06.2019
Талапкер – 2019

Дәстүрді сақтай отырып және инновациялар енгізе отырып, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі мансаптық өсу мүмкіндігін және қоғамдағы лайықты жағдайды қамтамасыз ететін сапалы кәсіби білім берудің кепілі болып табылады.

07.06.2019
Президент сайлауына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау форумы

2019 жылы 7 маусымда Жастар сарайында Президент сайлауына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау форумы өтті. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері форумның өтуіне белсенді қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан халқына үндеу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті қызметінен кету туралы шешім жариялады. Қалған мерзімге ҚР Президентінің өкілеттігі Конституция нормаларына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысты. 20 наурызда ант берілгеннен кейін ол ел басшылығына кірісті.

9 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасау барысында ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Президенті сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

– Сіздердің әрқайсыларыңызға айтарым, ел Конституциясына сәйкес мен 2019 жылғы 9 маусымда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен Елбасынмен кеңесіп, екі палата спикерлерімен, премьермен кеңесіп, Конституциялық Кеңеспен келісе отырып, партия көшбасшыларымен кездестім, – деді Тоқаев.

Страница 360 из 475