16 қыркүйек 2019 ж. «Мүгедектер Бірлестігі «АРДОС-Жүрек» ЗТБ директоры Ақжан Кәрім Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттерімен «Өзіңді өзгерт» атты тренинг өткізді.
«АРДОС-Жүрек» ЗТБ барлық жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеуімен, оңалтуымен, демалысымен, білім беру және әлеуметтік қорғауымен айналысады. Және бұл ұйым үшін өткізілетін іс-шаралардың саны емес, сапасы маңызды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция негізінде Кәрім ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оңалту тиімділігін арттыру бойынша кешенді бағдарламасын әзірледі. Осы құжатта мүгедектердің жүріп-тұруынан (ғимараттарды қарапайым заттармен жабдықтау – пандустар, арнай тұтқалар мен кеңейтілген есік; арнайы көтергіштермен және қауіпсіздік белдіктерімен қоғамдық көлік)бастап, оларды еңбекпен қамту және әлеуметтік бейімдеуге дейінгі маңызды мәселелер жазылған. Қазіргі таңда айтылған бағдарлама біртіндеп іске асуда.
Петропавлда «Мүгедек-үкім емес!» ұранымен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін тренингтер өтуде. Олардың мақсаты дамыту болып табылады мүгедектердің ұмтылу игеру, жаңа кәсіптердің, ой-өрісін кеңейту, қалыптастыру қажеттілігін өздігінен дамуы және самосовершенствовании. Олардың мақсаты мүгедектердің жаңа кәсіптерді игеруге ұмтылыстарын дамыту, ой-өрістерін кеңейту, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
2019 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының Тілдері күні аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларымен қазақтың ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, «Тіл мерекесі - ел мерейі» әдеби-сазды кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан территориясында тұрып жатқан әрбір халықтың тілдерінің құндылықтарын көрсету,мемлекеттік деңгейде ерекше мән беретін, осы бір тақырыптың маңыздылығын таныту, біздің көпұлтты еліміздегі ұлттар арасындағы достыққа тәрбиелеу.
Қатысушылардың назарына Қазақстан халықтарының тілдері туралы бейнематериалдар ұсынылды, I курс студенттері әр түрлі тілдерде өлеңдер оқыды, Асьянова Яна (Д-21 топ) мен Балтабай Канат (Т-21топ) студенттер ән айтты.
2019 жылы 11 қыркүйекте Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б. Ж. Нұртазина «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Әр халықтың тілі тамаша және ұлы» атты музыкалық–поэтикалық сағат өткізді. Қазақстан халқының Тілдер күні 5 қыркүйек күні, қазақ филологиясының негізін қалаушы, ұлы әдебиеттанушы әрі лингвист Ахмет Байтұрсыновтың туған күні атап өтіледі.
Іс-шараны өткізуге В-11 және Д-11 топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар тіл-рухани өмірдің кілті, мәдениет пен өнер деңгейінің көрсеткіші екенін атап өтті. Ал қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі-уақыт талабы. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін бұл жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік пен коммуникабельдікті арттыру үшін сапалы қадам.
Шара барысында студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. Интерактивті тақтада бейнефильмдер мен әндер клиптері көрсетілді: «Ғаламшар – Ахмет Байтұрсынов», «День языков народа Казахстана» «Сильные люди сильной земли», «Қазақстаным алға».
Кітапхананың оқу залында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жылдың 11 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. Б. Сүлейменова ДМ-11 топ студенттерімен ҚР халықтарының Тілдер күніне арналған сынып сағатын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерін зерделеу, тілді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында викторина өткізілді. Іс-шара фильмді көрумен аяқталды.
2019 жылдың 10 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Д. Ж. Ақышованың басшылығымен Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған «Ана тілі-айбыным» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты: студенттерді басқа ұлттардың тілін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрімен таныстыру және үйрету; студенттердің шығармашылық, әртістік қабілеттерін дамыту.
Сайысқа I-II курс студенттері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды В-11 топ студенті Дауытбаев Диас, II орынды – Волков Станислав (ПО-11) және Бирюкова Екатерина (Д-21), III орынды – Шаймерденова Дильназ (Б-21) бен Дүйсенғали Бекболат (Б-21) иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдарды әділқазылар төрайымы Илюбаева Бақытгүл Баяхметқызы табыстады.