ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






22.05.2019
«ҰЛАН 2019»

2019 жылғы 17-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты базасында Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Ұлан» спартакиадасы өтті. Спартакиада қатысушылардың алғашқы әскери дайындық бөлімдері бойынша даярлығын, сондай-ақ әскери іс негіздерін білуін тексеру болып табылады. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы І жалпыкомандалық орынға ие болды. Команда құрамы:

1. Койлов Иван (Л-12 топ);

2. Косилкин Артём (Т-11 топ);

3. Ращупкин Данил (ПМ-22 топ);

4. Кухарев Дмитрий (Т-11 топ);

5. Синичкин Владислав (ПМ-21 топ);

6. Скулимовский Игорь (гр. Э-11 топ);

7. Рагимов Эльдар (Э-11 топ);

8. Романенко Никита (Л-11 топ);

9. Макеев Александр (ДСП-21 топ).

Колледж командасын жарысқа АӘД оқытушылары Гутевич Виталий Владимирович және Зорькин Сергей Иванович дайындады.

2019 жылы 22 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің мәжіліс залында спартакиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Чемпиондарды колледж директоры М. Л. Шатковский жеке ісіне енгізуімен құттықтап, Алғыс жариялады.

Жеңімпаз Команда 2019 жылдың 15-24 маусымы аралығында Қарағанды облысында өтетін Республикалық «Айбын-2019» әскери-патриоттық жастар жиынында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Спартакиаданың чемпиондарын құттықтаймыз және республикалық біріншілікте сәттілік тілейміз!

16.05.2019
«Жас сарбаз»

2019 жылдың 16 мамырында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтың қатысушыларымен ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Ант қабылдауға СҚО қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Д. Т. Толыбай, жауынгер-интернационалист П. П. Цвингер, СҚО бойынша «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының төрағасы Ә. E. Төлебай қатысты. Құрметті қонақтар студенттерді ант қабылдаумен құттықтап, табыс тіледі.

16.05.2019
Жазғы Президенттік көпсайыс

2019 жылдың 15-16 мамырында Петропавлда Жазғы Президенттік көпсайыс өтті. Президенттік көпсайыстың басты міндеттерінің бірі-жастар арасында спортты насихаттау.

Жарысқа қала колледждерінің спортшылары қатысты. Спортшылар атудан, граната лақтырудан, жүзу мен жеңіл атлетикадан өз күштерін сынады. Әр қатысушы өз командасы үшін ұпай жинады.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы ІІІ орынға ие болды.

Команда құрамы:

1. Разумова Алёна;

2. Кельш Наталья;

3. Клюк Вероника;

4. Коваленко Виктория;

5. Шиворногов Артём;

6. Макаров Владислав;

7. Моор Николай;

8. Таш Ерлан.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

14.05.2019
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттары бүкіл қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруды көздейді.

09.05.2019
9 Мамыр – Жеңіс Күні!

Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата - анамыз!

Шаттан ата - бабамыз!

Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

9 Мамыр – ерекше күн, бұл бізге қымбат, өйткені ол әрбір отбасы тарихының бір бөлшегі және Отан қорғаушылардың бірлігін, күшін, халық рухын, ерлігін бейнелейді.

Бұл - бәріміз үшін ерекше мереке. Ауыр сынақ жылдарында ел жаумен күреске көтерілді. Бәріне ортақ қайғы адамдарды біріктіріп, жоғары патриотизмді, ерлікті және төзімділікті оятты. Сол соғыста біздің халық Ұлы Жеңіске жетті, Отанның тәуелсіздігін сақтады. Фашизмді талқандаған, болашақ ұрпақ үшін бейбіт және еркін елді сақтай алған адамдардың ерлігі ерліктің, төзімділіктің және патриотизмнің символы болып қалады.

Біз ұрыстарда өлімге қарсы жүріп өткендер туралы, тылдағы ерлік еңбегімен Жеңісті жақындатқандар туралы, елді жаудан қорғаған адамдар туралы есте сақтаймыз.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі күні Еркін елде өмір сүруге және оның болашағы, біздің балаларымыздың болашағы туралы ойлауға мүмкіндік бар екендігі үшін тағзым ету өте маңызды.

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, жеке бақыт, отбасылық игілік және бейбіт аспан тілейміз!

Страница 362 из 475