
2025 жылдың 4 қарашасында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Біз — салауаттылықты таңдаймыз» атты алкоголизмнің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жасөспірімдермен аз мөлшерлі алкогольді ішімдіктердің зияны мен жасөспірімдер арасындағы алкоголизм мәселесі талқыланды. Студенттер алкогольді қолдануға қатысты өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Іс-шара соңында қатысушылар алкоголь және оның зардаптары туралы бейнеролик тамашалады.
Павленко Е.Г., Богдан Ю.Г. – жатақхан тәрбиешілері

2025 жылдың 30 қазан күні Г.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы базасында «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында «Құқықтық лабиринт» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Д-21 тобының студенттері қатысып, ІІ орын иеленді. Азаматтардың құқықтары мен заңнамалар жөніндегі интерактивті викторина жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңды сақтауға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Шараға қазылар алқасы ретінде Ювеналды полицияның, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің және экономикалық тергеу департаментінің өкілдері шақырылды. Әр түрлі колледждерден келген командаларға қазіргі қоғамда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен жағдайлық мысалдар ұсынылды. Барлық қатысушылар жоғары құқықтық мәдениет пен белсенді азаматтық ұстаным көрсетті.


2025 жылдың 30 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Саналы Ұрпақ» студенттік клубтарының слетіне қатысты. Іс-шара М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында өтті. Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру болды. Слет дәстүрлі форматта жыл сайын өткізіліп келеді және үш кезеңнен тұрды: еріктілер жобаларының байқауы; «Risk Scan: зертте, талда, алдын ал» атты зерттеу жобасы; академиялық адалдық анты. Іс-шара қорытындысы бойынша колледж командасы құрметті ІІ орынға ие болып, тек университет командасына жол берді. Команда мүшелеріне алғыс білдіреміз: Губская Евгения (Б-21), Истомина Варвара (Д-11), Лобок Кирилл (Д-11), Казаков Роман (Э-21), Головкин Максим (Э-21).
«Sanaly urpaq» құқықтық клубының жетекшісі – Сергеева И.А.

2025 жылдың 29 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Сыбайлас жемқорлыққа – ЖОҚ де!» атты брифинг өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, «сыбайлас жемқорлық», «парақорлық» ұғымдарын түсіндіру, қоғам мен елдегі өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасты қалыптастыру. Брифинг барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың мәнін, онымен күресудің тәсілдерін және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағандарға қандай салдар туындайтынын талқылады. Әсіресе білім беру ұйымдарындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және олардың алдын алу бойынша тиімді шараларға ерекше назар аударылды.

2025 жылдың 29 қазан күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1-курс студенттері арасында жұмысшы мамандықтары жылына арналған пневматикалық мылтықтан нысана ату бойынша жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық рухта және Отанға деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - Д-11 тобы; 2 орын - С-12 тобы; 3 орын - ПО-11 тобы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!