Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері тарихи-өлкетану мұражайының «Отты жылдар тарихы» және «Соғыс және тағдырлар» экспозициясына барды.
2017 жылғы 4 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің сап алаңында Батыр күніне, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойына, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 72 жылдығына арналған сап түзеу мен әннің салтанатты байқауы өтті. Құттықтау сөзі колледж директоры М.Л. Шатковскийге, сондай-ақ шақырылған қонақтар: жауынгер-интернационалист, ҚР ҚК ардагері М.С. Қожахметов пен әскери қызметкерлерге берілді. Байқауға қатысу үшін І курстың әр тобынан 9 адамнан іріктеп алынды.
Байқаудың қорытындылары бойынша жүлделі орындар келесі жолмен бөлінді: ІІІ орынды 133 ұпай нәтижесімен Л-12 топ, ІІ орынды 135 ұпай нәтижесімен Э-11 топ, І орынды 138 ұпай нәтижесімен ДМ-11 топ иеленді. «Саптық тәсілдерді үздік орындау» номинациясында Э-11 топ, «Саптық әнді үздік орындау» номинациясында Д-11 топ аталып өтіліп, бөлімшенің үздік командирі ДМ-11 топ студенті Аладин Александр болып танылды.
Барлық жүлдегерлер мен номинанттар колледж бірінші басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында 2017 жылғы 4 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің АӘД кабинетінде Сталинград шайқасының 74 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті.
Іс-шараны өткізуге ДМ-11 және Л-12 топ студенттері қатысты. Сабақ барысында Қызыл әскер жауынгерлерінің ерлігі туралы деректі фильмдер, Сталинград шайқасының барысы туралы ақпарат берілген слайдтар көрсетілді. Сабақты АӘД оқытушысы А. М. Устинов дайындап, өткізді.
2017 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Р. Жақсыбековтің «Батыр күнін және 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру туралы» тапсырмасын орындау бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінде интербелсенді дәріс өткізілді. Дәріске І және ІІ курс студенттері қатысты.
2017 жылғы 28 сәуір күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Отан жауынгері» әскери-спорттық жарыстары өтті.
Жарыстарға I и II курстардың құрама командалары қатысты. Балалар АӘД бөлімдері бойынша нормативтерді орындауда жарысты. Калашников автоматын толық емес бөлшектеуде Языков Константин (Л-11 топ) үздік уақыт көрсетіп, автоматты жинауда Горностаев Дмитрий (Э-21 топ) үздік деп танылды, атыс және кермеге тартылуда Чернов Владислав (Л-12 топ) топ жарды.
Жарыстар қорытындылары бойынша жалпы есепте ІІ курс командасы жеңіс тұғырынан көрінді.