ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






05.10.2017
«Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалi

Б. Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің І курс студенттері 2017 жылғы 5 қазан күнi Жастар сарайында өткен «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалiне қатысты.

Мүмкiндiгi шектеулi жандарды қоғамға бейiмдеп, олардың еңсесiн тiктеп, өзгелер секiлдi өмiр сүрулерiне қолайлы жағдай жасау, оларға қолдау көрсету, шығармашылығын бағалау, ынталандыру арқылы оларды әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу, мүгедек адамдардың өмiрi мен мәдениетiне қоғамның назарын аудару, оң көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметiнiң орталығымен бірлесіп «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалiн өткiздi.

Фестивальға өңiрiмiздiң 13 ауданы мен Петропавл қаласының әлеуметтiк мекемелерi қатысты.

Подробнее
29.09.2017
«Отан Қорғаушы-2017» облыстық слеті

2017 жылғы 29 қыркүйек күні ҚР Ұлттық ұланы 6637 Әскери бөлімінің алаңында СҚО әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының облыстық слеті өтті.

Командалар әскериленген эстафетада, кермеде тартылуда және арқан тартуда күш сынасты. Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы арқан тарту бойынша І орынды және жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді. Колледж командасының құрамына кірген студенттер: Криворучик Алексей, Масенко Илья, Асташкин Кирилл, Бакшеев Олег, Языков Константин, Васильев Данил. Жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Слетке қатысушыларға түскі асқа жауынгер ботқасын беру және әскери техниканы көрсету ұйымдастырылды.

28.09.2017
«Ізгі істер жасағым келеді» әдеби-поэзия сағаты

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Ізгі істер жасағым келеді» әдеби-поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге ПВ-11 (сынып жетекшісі Т.А. Михеева) және ПМ-11 (сынып жетекшісі Д.В. Кириллов) қатысты.

Іс-шара барысында студенттер «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының аясында 2017 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқуға жылдың басты кітабы болып қазақ әдебиетінің тарихындағы белгілі ақын, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалғанын атап өтті. Оның өлеңдері ғылым шыңын бағындыруға, сауатты болуға шақырады, поэмалары мен романдарында өмірдің мәні, адамның шығармашылық күшіне терең сенім жайлы айтылған жолдар үн қатады. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы адамгершілік пен Отанына деген риясыз махаббат идеясын жеткізеді.

Қатысушылар С. Торайғыровтың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Интербелсенді тақтада «С. Торайғыров», «Буктрейлер по книге С.Торайгырова «Камар сулу» бейнефильмдері көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
28.09.2017
Бірінші қалалық «Қызылжар –2017» спартакиадасы

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері жаңартылған «Жастар» стадионының салтанатты ашылуына белсенді түрде қатысты. Сол стадионда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен ұйымдастырылған бірінші қалалық «Қызылжар –2017» спартакиадасы бастау алды.

Спартакиадаға 17 ұйым қатысты, олардың ішінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің әлеуметтік серіктері болып табылатын кәсіпорындар: Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, «СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНЭНЕРГО» АҚ, «Горгаз-Сервис» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ бар.

27.09.2017
Мұғалімдер күні

Студенттер үшін ең әсерлі мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні. Бұл күнді барша қауым ұстаздарға тәрбие, білім бергендері және адамгершілік көзқарасы үшін алғыс айту үшін тағатсыздана күтеді.

2017 жылғы 27 қыркүйек күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің акт залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараға еңбек ардагерлері мен оқу орнының мұғалімдері шақырылды.

Страница 410 из 475