ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






20.02.2026
Колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

2026 жылғы 20 ақпанда Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында студенттердің полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті. Атап айтқанда, Петропавл қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры Д.Д.Алтынбеков және екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Т.Н.Калелов қатысты. 1–4 курс аралығындағы 175 студентке кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді. Негізгі қарастырылған мәселелер – дропперлік пен интернет-алаяқтықтың алдын алу болды. Кездесу барысында цифрлық ортада қауіпсіздікті сақтау бойынша бейнероликтер көрсетілді. Дәріс соңында 3-ші тірек пунктінің УПИ көмекшісі А.С.Тасбулатова студенттерге банктік қарыздар мен микронесиелер алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беруге көмектесті.

20.02.2026
Төтенше жағдайлар басқармасының офицерімен кездесу

2026 жылғы 20 ақпанда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында бітіруші топ студенттерінің Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының офицері — аға лейтенант Т.Б.Сағындыковпен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында офицер төтенше жағдайлар органдарының міндеттері мен қызмет бағыттары, азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтің маңыздылығы, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құтқарушылардың рөлі туралы айтып өтті. Кәсіби даярлық, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық өсу мүмкіндіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Темирхан Бакытжанович өзінің қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, кез келген төтенше жағдайда тәртіптің, жауапкершіліктің және көмекке әрдайым дайын болудың маңыздылығын атап өтті.

20.02.2026
Футболдан құрама команданы құттықтаймыз

Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің футболдан құрама командасын Сұңқар облыстық колледждер арасындағы спартакиадасында II орын алуымен құттықтаймыз!!!

19.02.2026
Шиналық монтаж жабдығында жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныбы

2026 жылғы 19 ақпанда Б.А.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Көлікті техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы апталығы аясында автокөлікті техникалық қызмет көрсету пунктінде шиналық монтаж жабдығында жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Оған ТР-31 және ТР-12 топтарының студенттері қатысты. 3 курс студенттері практикалық дағдыларын шиналық монтаж және теңгеру станоктарында көрсетіп, практикалық біліктіліктерін бекіту және төменгі курс студенттеріне тәжірибе беру мақсатында көрсетілім жасады.

19.02.2026
Мамандық таңдау – болашақты таңдау!

2026 жылғы 19 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ашық есік күні өтті. Іс-шара мектеп оқушыларына ойын және танымдық қызмет арқылы кәсіби бағдар беру үшін жағдай жасауға, командалық дағдыларын, дербестігін және болашақ мамандықты таңдау үдерісіне белсенділігін дамытуға, сондай-ақ колледждің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды. Ашық есік күніне Петропавл қаласының орта мектеп оқушылары шақырылды. Іс-шараның басында колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөзін сөйледі. Ашық есік күнінің бағдарламасына «Техникалық», «Теміржол», «Электрлік», «Автомобильдік», «Логикалық», «Слесарлық», «Жылутехникалық» станциялары бойынша квест-саяхат форматында ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру ойыны енгізілді. Мектеп оқушылары әр станцияға барып, мамандықтармен танысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Ашық есік күні мектеп оқушылары 1,2,3 дәрежелі дипломдар, қатысушылардың сертификаттарын алып қана қоймай, көптеген қатысушылар үшін болашақ мамандықты таңдаумен аяқталды.

Страница 33 из 475