ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






03.06.2025
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы кураторлық сағаты

2024 жылғы 3 маусымда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Аталған іс-шараның мақсаты-Жастардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың символдық мағыналары туралы білімдерін толықтыру, авторлармен танысу, өз Отанына, еліне, жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нышандары, еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі болып табылады.

Іс-шараға ТМ-11, Э-11 топтарының студенттері қатысты. Кураторлық сағаттың барлық кезеңдерінде қатысушылар мемлекеттік рәміздер туралы өздерінің жақсы білімдерін көрсете алды. Іс-шара барысында мемлекеттің негізгі атрибуттары қалай құрылғаны және оларға қандай мән берілгені туралы бейнематериал ұсынылды. Студенттер викторина сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік тілдегі рәміздер туралы әдебиеттермен танысты.

Қабденова А. К. - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

30.05.2025
Ботаникалық бақты абаттандыруға көмек

2025 жылдың сәуір–мамыр айларында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері бақ-саябақ өнерінің бірегей нысанына барды. Қазақстандағы ең көне Ботаникалық бақпен колледждің ынтымақтастығы он жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді – студенттер көктем сайын қызметкерлерге абаттандыру жұмыстарына көмектеседі.

Экоклуб жетекшісі – Чубарова Е.Н.

29.05.2025
Сұңқар

Армрестлинг бойынша Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрамасын облыстық "Сұңқар" спартакиадасының бағдарламасында 2 жалпыкомандалық орын алуымен құттықтаймыз

28.05.2025
«Туған өлке» акциясы

2025 жылғы 28 мамырда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері Пестрое көлінде өткен «Туған өлке» акциясына қатысты. Бұл іс-шара «Жастар СӨС үшін» ЖҚБ ұйымдастыруымен, «Қалалық ормандар мен саябақтарды, су айдындарының жағалауын тазарту бойынша төрт акцияны ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында өтті.

23.05.2025
Сұңқар

Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрамасын "Сұңқар" облыстық спартакиадасының көктемгі кроссындағы жалпы командалық 3 орынмен құттықтаймыз.

Состав команды:

Ибрагимов Радмир Л-21

Бауэнов Тагир СР-11

Коньков Павел Т-41

Акимов Станислав Л-31

Иванцов Никита Л-21

Устюгова Светлана Д-31

Усугалиева Татьяна Б-11

Ралло Ангелина ПО-11

Кутузова Милана В-11

Галкина Римма Т-31

Страница 78 из 475