ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






15.03.2023
«Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз!» зияткерлік-танымдық ойыны.

2023 жылдың 15 наурызында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің «Sanaly urpaq» заң клубының өкілдері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз!» атты зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді. Құқықтық мәдениетті және заң бұзушылық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру іскерлік ойынның негізгі міндеттері болды. Шара барысында студенттер түрлі құқықтық жағдайларды қарастырып, себептерін ашып, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талдады. Студенттер Лузгин Максим (ЭМО-41), Рахимов Медеу (ЭМО-41), Трофимов Егор (ЭМО-41) және т.б. белсенді қатысты.

Сергеева И.А. - «Sanaly urpaq» заңгерлік клубының жетекшісі

15.03.2023
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты дөңгелек үстел

2023 жылдың 15 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Наурыз мейрамына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға В-21, Т-21, ДМ-41 топ студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, халықтың материалдық және рухани өмірін бейнелейтін салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы өз білімдерін ортаға салды. Дәстүрлердің бірі өмірлік дағдыларды дамытуға көмектессе, басқалары қасиетті мағынаға ие болды, кейбіреулері қарым-қатынас пен әлеуметтенуді дамыту үшін жасалды, ал бірқатары қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуына негіз болды.

Іс-шара барысында слайд таныстырымдары көрсетіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының пайда болу тарихы туралы «Қазақ халқының рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері», «Загадки происхождения древних казахских обычаев» атты бейнематериалдар талқыланды. Көрермендердің назарына «Шашу» мен «Бата» дәстүрлері ұсынылды. Дөңгелек үстелді қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Наурыз мейрамы туралы викторина қорытындылады.

Кабденова А.К. - қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

15.03.2023
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Жыл сайын 24 наурызда біз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеміз. Облыста осы күнге арналған айлық өтуде. "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК психологы Дания Турысова "Қызылжар" телеарнасында "Қайырлы таң" бағдарламасына сұхбат берді, онда көрермендерге емделушіге диагнозды қалай қабылдау керектігін және емделуден бас тартпау керектігін, стигмамен қалай күресуге болатынын айтты, себебі бұл тақырып әсіресе жас балалар үшін өзекті. Егерде құрдастары мазақ етсе, не істеу керектігі және онымен қалай күресу керектігі туралы кеңестер берді. Әңгіме соңында Дания Бейбутовна көрермендерге денсаулық пен амандық тіледі.

Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

15.03.2023
"Адон-Север" қоғамының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Наурыз – нұр мен ізгілік мерекесі" интерактивті құттықтауы

2023 жылдың 15 наурызында "Мархабат" клубының еріктілері "Адон – Север" қоғамының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Наурыз – нұр мен ізгілік мерекесі" интерактивті құттықтауын ұйымдастырып, өткізді.

Студенттер театрландырылған қойылым, концерттік нөмірлер мен спорттық жарыстар дайындап, ұлттық шашу салтын көрсетті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мереке ұйымдастырған Усенов Адилханға, Бежик Артемге, Подлесный Николайға, Михайлина Любовқа, Савицкая Александраға, Герман Валерияға, Пятьев Дмитрийге, Мор Вадимге, Еваков Евгенийге алғыс айтамыз.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

14.03.2023
Кураторлық сағат: «Наурыз мерекесінің ерекшеліктері»

2023 жылдың 14 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасаку және көлік колледжінде «Наурыз мерекесінің ерекшеліктері» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты: студенттердің тарихи өткенге және ел халықтарының сеніміне сенімді және ұқыпты қарауына тәрбиелеу, отансүйгіштік пен өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараларға Д-11, Т-11 тобының бірінші курс студенттері қатысты. Студенттер мерекенің пайда болу тарихы туралы бейнероликті қызығушылықпен тамашалады, ұлттық киімдер көрсетілді, "Наурыз бата" тыңдады, ұлттық тағамдар туралы әңгімеп, наурыз көжені ұсынды, "Көрісу" дәстүрін, сондай-ақ "Бес Асық" және "Тоғыз құмалақ" ұлттық ойындарын көрсетті

Б.Б.Илюбаева - Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Страница 217 из 475