



2025 жылғы 26 мамырда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері "СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Жастар СӨС үшін" ЖҚБ ұйымдастырған "Таза орман" экологиялық акциясына қатысты. Іс – шара "Туған өлке-Родной край" экологиялық акцияларын ұйымдастыру және өткізу жобасы аясында өтті. Акцияға қатысушылар мещандық орманды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартып, қоршаған ортаны сақтауға және туған өлкені абаттандыруға үлес қосты. Экологиялық акция қорытындысы бойынша біздің колледж студенттері құрметті 3 орынға ие болды. Қатысушыларды лайықты нәтижемен құттықтаймыз және белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатқа ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтамыз!




2026 жылғы 26 мамырда Б.Әшіов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері есірткі құралдарын заңсыз пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне арналған «Өзіңе және жақындарыңа зиян келтірме» тақырыбындағы дәріске қатысты. Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп өткізілді. Кездесу барысында қатысушыларға есірткі заттарының зияны, физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ отбасы мен жақын адамдардың қолдауының құндылығы туралы айтылды. Студенттер талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, әңгімелесуге белсенді қатысты.




2026 жылғы 22 мамырда Петропавл қалалық скверінде Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-нің жастар бастамалары және NEED санатындағы жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастырған «Таза Қазақстан – тазалыққа бірге» экологиялық акциясында II орын иеленді. Қатысушылар белсенділік, жауапкершілік және командалық рух танытып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен абаттандыруға өз үлестерін қосты. Студенттерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және белсенді азаматтық ұстанымдары, бастамашылдығы және қаламызды таза әрі жайлы етуге деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз!


2026 жылғы 22 мамырда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде студенттер арасында «Ядролық энергия біз үшін энергия өндірудің ең тиімді жолы ма?» тақырыбында дебат турнирі өтті. Дебаттың мақсаты – қазіргі әлемдегі атом энергетикасының рөлін талқылау, оның экологиялық, экономикалық және технологиялық аспектілерін бағалау, сондай-ақ ядролық энергия жаһандық энергетикалық дағдарыс пен климаттың өзгеруі мәселелерін шешудің негізгі жолына айнала ала ма деген сұраққа жауап іздеу болды. Дебат нәтижесінде ядролық энергияның мінсіз «әмбебап шешім» емес екендігі, алайда қазіргі тарихи даму кезеңінде әлемдік энергетикалық теңгерімнің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беретіні анықталды.
2026 жылғы 20 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері "Заң әрекетте" құқықтық квестіне қатысты.
Командаларға құқықтық саладағы білімді тексеруге бағытталған әр түрлі қызықты тапсырмалары бар 4 станция ұсынылды. Қатысушылар тапқырлық, топтық жұмыс және заңнаманы жақсы білетіндіктерін көрсетті. Квест көңілді, қызықты және достық атмосферада өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша колледж командасы құрметті 2 орынға ие болды. Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілікті дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.