ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






27.10.2025
Облыстық қол күресі бойынша жарыс

2025 жылдың 27 қазан күні Байкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде облыстық қол күресі бойынша жарыс өтті. Бұл жарысқа колледж студенттері қатысты: Батяев Виктор (С-11 тобы), Мерц Кирилл (В-11 тобы), Черная Валентина (В-11 тобы), Анохин Данил (Л-11 тобы), Шунин Анатолий (ЭМ-31 тобы), Калмыков Николай (С-11 тобы), Жудра Максим (СР-31 тобы), Зайцев Артем (С-11 тобы) Жарыс жеңімпаздары Жудра Максим (СР-31 тобы) – 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын Черная Валентина (В-11 тобы) – 70 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын; Анохин Данил (Л-11 тобы) – 80 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

24.10.2025
Алматы көлік және коммуникация колледжіне оқу сапары

2025 жылғы 20–24 қазан аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері мен оқытушылары Алматы көлік және коммуникация колледжіне білім беру сапарына қатысты! Сапар барысында қатысушылар заманауи жабдықтар мен оқу тренажёрларында тәжірибеден өтіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты, көлік саласы мамандарын даярлаудың жаңа әдістерімен танысты. Колледж директоры Е.Д.Магазовға жылы қабылдауы мен оқу үшін тамаша жағдай жасағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары М.М.Джайдаровпен ЦӘК төрайымы Л.С.Бойкоға сабақтарды ұйымдастырғаны және біздің студенттер мен оқытушыларға ықыласты көзқарасы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл сапар кәсіби және жеке даму тұрғысынан құнды тәжірибе болып, колледждер арасындағы байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды! ✨

24.10.2025
Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара

2025 жылғы 24 қазанда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн – халықтың бірлігін, тәуелсіздігін және Қазақстанның өркендеуге, дамуға деген ұмтылысын білдіретін мереке. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Акт залында колледждің студенттері мен оқытушылары жиналды. Іс-шараға қатысушыларға колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөз арнады. Республика күніне орай ол педагогикалық ұжымды адал еңбегі мен жауапкершілікпен атқарған жұмысы үшін Құрмет грамоталарымен марапаттады. Көрермендердің ерекше назарын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы, полковник С.У.Тогузбаевтың сөзі аударды. Ол мерекенің тарихы туралы айтып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолына және бұл күннің қазіргі ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды. Мерекелік көңіл күйді студенттердің шығармашылық нөмірлері айшықтады. Көрермендер ұлттық нақышқа толы, жүрекке жылы әсер қалдырған әсем күй орындаған домбырашының өнерін тамсана тыңдады. Сондай-ақ Отан туралы шырқалған әндер мен қазақ халқының дәстүрі мен мәдени байлығын бейнелеген би көріністері ерекше әсер қалдырды. Салтанатты іс-шара жылы да көтеріңкі көңіл күйде өтті. Бұл күн Қазақстанның күші – халықтың бірлігінде, Отанға деген сүйіспеншілігінде және бейбітшілік пен өркендеуге ұмтылысында екенін тағы бір мәрте еске салды.

Чубарова Е.Н. – педагог-ұйымдастырушы

23.10.2025
Алдын алу әңгімесі

2025 жылдың 23 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында студенттермен профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторлары өткізді. Кездесу барысында маңызды тақырыптар талқыланды: буллинг және оның салдары, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен заңнамадағы өзгерістер, дене жарақатын келтіру және адамды қудалау үшін жауапкершілік, дропперлік және «қалташы» қызметі.

23.10.2025
«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» кураторлық сағаты

Қазақстан Республикасы күні – бұл бірлік, мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілік мерекесі. Бұл күні біз еліміздің даңқты тарих беттерін еске алып, болашаққа үмітпен әрі ризашылықпен қараймыз. 2025 жылғы 23 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтық патриотизмді тәрбиелеу, ұлттық бірлік сезімін нығайту. Іс-шараға Д-11 және Б-11 топтарының студенттері қатысты. Олар «Жас қыран» және «Жас тұлпар» командаларына бөлініп, еліміздің тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін сынады. Студенттер қызығушылықпен филворд шешіп, Отан туралы мақал-мәтелдерді құрастырды, викториналар мен қазақ тіліндегі диалогтарға қатысты. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанға арналған қысқаша әңгімелер мен өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Кураторлық сағат барысында Қазақстан туралы мазмұнды презентация көрсетіліп, «Қазақстан – менің Отаным» бейнеролигі мен «Туған жер» әні орындалды. Іс-шараға орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақстандық жазушылардың шығармалары мен ел рәміздері туралы материалдар ұсынылды. Мереке жылы әрі шабытты атмосферада өтті. Студенттер белсенділік, шығармашылық және туған ел тарихына деген қызығушылық танытып, Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі мен мақтанышын білдірді.

Кабденова А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Страница 61 из 475