ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






21.11.2025
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

2025 жылғы 21 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Петропавл қаласы прокуратурасының өкілдері Т.А.Сапаровпен А.К.Амангелдиева 1–2 курс студенттерімен кездесу өткізді. Өз сөзінде Тыныбек Ануарбекович маңызды тақырыптарды қозғады: жыныстық қолсұқпаушылық, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішуіне жауапкершілік, ойын-сауық орындарына бару, дропперлік және есірткі құралдарын таратуға қатысу мәселелері. Спикер бұл нормаларды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында қандай жауапкершілік қарастырылғанын егжей-тегжейлі түсіндіріп, студенттерге қауіпсіздік ережелерін және заң талаптарын сақтау маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ прокурор олардың құқықтарына қауіп төнген жағдайда немесе өмірлік қиын жағдай туындағанда қайда көмек сұрап жүгінуге болатынын айтты. Мұндай кездесулер білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

П.А.Дылдина – әлеуметтік педагог

21.11.2025
«Уақыт үні» буклеті

2025 жылдың 21 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Уақыт үні» атты буклетті ұсынады. Мақсаттары: М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, олардың зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету. Міржақып Дулатов – қазақ ақыны, жазушысы, журналист, драматург, «Алаш-Орда» үкіметінің және Қазақстанның ұлттық-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі. М.Дулатовтың бүкіл өмірі саяси қызметке, ағартушылыққа, жастарды тәрбиелеуге, туған жерге және халық дәстүріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға арналды.

20.11.2025
«Агрессиясыз өз құқығыңды қалай қорғауға болады» тренингі

Бүкіләлемдік Бала күніне орай, 2025 жылдың 20 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Агрессиясыз өз құқығыңды қалай қорғауға болады» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттердің шиеленіс пен келіспеушілік жағдайларында өзіне сенімді әрі құрметті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар жеке кеңістік пен ішкі жайлылықтың маңыздылығы туралы әңгімелесті — әр адамның қорғауға құқығы бар психологиялық аумағы. Өз қажеттіліктерін белгілеудің, өзгелердің қажеттіліктерін құрметтеудің мәні талқыланды, сондай-ақ айыптамай, қысым жасамай өз ойын және сезімдерін білдіруге мүмкіндік беретін «Мен-тұжырымдамалар» техникасымен танысты. «Өз ұстанымың» атты рөлдік ойын аясында студенттер жеке шекаралардың бұзылуына байланысты өмірлік жағдайларды ойнап шығып, оларды шешудің тиімді жолдарын бірге тапты. Мұндай формат қатысушыларға құқықтарын қақтығыссыз және агрессиясыз қорғауға көмектесетін конструктивті коммуникацияның маңызын тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік берді. «Жеке шекаралар — адамдар арасындағы қабырға емес, сіз өзіңіз ашуды таңдайтын есік».

20.11.2025
Кәсіптік бағдарлау жұмысы

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында 2025 жылғы 17 және 20 қараша күндері Байкен Әшімов атындағы «Петропавл машина жасау және көлік колледжінде» №2 С.Садуақасұлы атындағы орта мектептің, №24 орта мектептің және №43 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау экскурсиясы өткізілді. Экскурсияның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын таныту және насихаттау. Оқушылар колледждің мамандықтарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстырылды.

20.11.2025
«Қорқынышқа қарсы білім, ЖИТС-тің алдын алу» ақпараттық сағаты

2025 жылдың 20 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі студенттері үшін «Қорқынышқа қарсы білім, ЖИТС-тің алдын алу» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шараны И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкері Виктория Вячеславовна Таран ұйымдастырды. Ашық диалог барысында студенттер АИТВ-инфекцияның алдын алу, оның берілу жолдары мен жұқтыру қаупі туралы мәселелерді талқылады; тақырыптық бейнематериалды қарап, алған білімдерін викторина арқылы бекітті.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

Страница 55 из 475