
.jpeg)

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 12 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Л-11 тобының студенттері — Ботабек Ескендір, Комиссаров Александр, Новоселов Ратмир, Сайфутдинов Рафис, Толстов Кирилл — кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазан негізгі мектебіне, Тимирязев орта мектебіне, Новоишим орта мектебіне, Краснознаменное орта мектебіне және Покровка орта мектебіне барды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты — жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Оқушылар колледжге түсу тәртібі бойынша қойылған сұрақтарына жауап алып, колледжде білім алып жүрген студенттердің өзінен мамандықтар туралы толық ақпарат алды

.jpeg)
2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Л-31 тобының студенттері Шукаев Никита мен Вербин Сергей оқытушы Д.В.Кирилловтың жетекшілігімен РФ, Орынбор қаласында Орынбор жолдар және байланыс институты базасында өткен V Халықаралық жастар ғылыми форумы «Квантқа» қатысты. Студенттер локомотивті тренажерде басқару, пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу операцияларын орындау, сондай-ақ электрлік сұлбаларды жинақтау бойынша сайыстарда жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша команда барлық номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе локомотивті басқару бойынша көрсеткен өнері ерекше атап өтуге лайық — бұл бағытта біздің қатысушыларға тең келер ешкім болмады, I орынды иеленді! Жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!

2025 жылғы 11 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде В-11 тобымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге патриоттық тәрбие беру, мемлекетке деген құрмет сезімін қалыптастыру, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына оң көзқарас қалыптастыру, Отан тағдырына ортақтастық сезімін дамыту. Ақпараттық сағаттың басында студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдерін, негізгі оқиғалары мен тарихи шежіресін қамтитын бейнепрезентация ұсынылды. Бейнематериал үлкен қызығушылықпен қабылданып, білім алушылар материалды мұқият бақылап, еліміздің тарихындағы айтулы күндер туралы өз ойларымен толықтырды. Интерактивті тапсырмаларды білім беру платформасында орындау барысында студенттер ерекше белсенділік танытып, қазақтың мақал-мәтелдерін жақсы білетіндерін көрсетті, сондай-ақ викторина сұрақтарына сенімді әрі ынтамен жауап берді.


2025 жылдың 11 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде И.А.Ульянова Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, жазушы және қоғам қайраткері Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктеріне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге патриоттық сезім қалыптастыру, өз елінің тарихына құрмет көрсету, бейбітшілік пен еркіндіктің, батырлықтың, сондай-ақ қазақстандық ерлердің ерліктерінің маңызын ұғындыру. Кураторлық сағат барысында студенттер Момышұлының өмір жолының негізгі кезеңдерімен, офицер әрі қолбасшы ретіндегі ерекше қасиеттерімен және оның әдеби мұрасымен танысты. Сондай-ақ оның өмірлік ұстанымдары – тәртіп, батылдық, адалдық, Отан алдындағы жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарына ерекше назар аударылды.


2025 жылдың 10 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Бес асық» ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті. Іс-шараға 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Судья ойын өткізу тәртібі мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізді. Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Еремушкина Анастасия Д-31; 2-орын – Енборисова Ангелина Б-21; 3-орын – Амангелды Аружан ПО-32. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдар және медальдармен марапатталды.