2013 жылғы 6 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының акт залында Т-11 топтың (сынып жетекшісі Л.А.Клышпекова), Д-12 топтың (сынып жетекшісі Ж.С.Мусина) және В-11 топтың (сынып жетекшісі А.И.Тимонин) қатысуымен оқ иісі сіңген жолдарды атыс даласынан алып шыққан соғыс жылдары ақындарына арналған «Барлығын атап еске алайық» - «Вспомним всех поименно» сазды-поэзия сағаты өтті.
Іс-шараға қатысушылар соғыс жылдарында туған және осы күні біздің жүрегімізді тебірентіп жүрген поэзия шумақтарын оқыды. Бұл Бауыржан Момышұлы, Константин Симонов, Сырбай Мәуленов, Ольга Бергольц, Жамбыл Жабаев, Юлия Друнина, Мұса Жәлел және басқа да қайраткерлеріміздің тамаша және ұмытылмас жыр жолдары, әндері және прозалық шығармалары.
Іс-шара барысында әскери тақырыптағы слайдтар және «Священная война», «Герои былых времен» және «День Победы» бейнеклиптері көрсетілді.
30.04.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжі жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК (төрайымы Н.А.Бегімова) «Жылдың үздік циклдік комиссиясы» байқауына қатысты.
«Колледждің мәдени-білім беру ортасы – 2013» тұсаукесерінің “Әдіскер-зерттеуші” номинациясында ЦӘК оқытушысы Ж.С.Мусина жеңімпаз атанды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
27.04.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары «Мәңгілік алау» ескерткішінің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша «Таза Жеңіс» акциясына қатысты.
26.04.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» мамандығы сырттай оқу бөлімі оқушыларының дипломдық жобаларын қорғаулары өтті.
Дипломдау жөніндегі комиссия құрамына колледждің әлеуметтік серіктері болып табылатын ұйымдардың өкілдері кірді.
Басым бөлігі энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындарда жұмыс істейтін оқушылар тәжірибемен ұштасқан терең білімдерін көрсетті. Колледжде оқу оларға «Техник-электрик» мамандығын ала отырып, өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.
2013 жылғы 24 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында ПО-11 топтың (сынып жетекшісі С.А.Павлович) және Б-21 топтың (сынып жетекшісі И.А.Сергеева) қатысуымен саламатты өмір салтына арналған «Зиянды әдеттерге жоқ дейік!» сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар темекі шегу, есірткі, алкоголь сияқты зиянды әдеттерге өзінің саналы көзқарасын білдірді. Сәтті іріктелген слайдтардың көмегімен мұндай зиянды әдеттер жас өсіп келе жатқан ағзаға қандай орасан зиян келтіретіні көрнекі жеткізіледі. Түрлі көзқарастарды тыңдай, көрнекі ақпаратты қарай отырып, балалар дұрыс қорытындылар шығарды: ол - зиянды әдеттерсіз өмірді таңдау.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушыларға есірткілердің зияны туралы «Есірткілерді пайдаланбаудың 10 себебі» бейнеролигі көрсетілді.