ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






27.04.2017
«Жасыл экономика – Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық ғылыми жобалар байқауы

2017 жылғы 27 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі және «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ Халықаралық мамандандырылған «EXPO–2017» көрмесі мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 60 жылдығына арналған «Жасыл экономика – Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық ғылыми жобалар байқауын өткізді.

Байқауға Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Герасимова Юлия қатысты. Байқаудың қорытындылары бойынша Юлия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысушыны дайындағаны үшін оқытушы Құсайынова Айгүл Зейнулқызы сертификатпен марапатталды.

20.04.2017
ҚР ҚМ ЖТМ әскери-патриоттық тәрбие орталығына бару

2017 жылғы 19 және 20 сәуір күндері «Патриот» айлығының аясында Петропавл теміржол көлігі колледжінің Э-11 және Л-12 топ студенттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің әскери-патриоттық тәрбие орталығына барды. Экскурсия барысында балалар мұражайға, авиамодель және радио клубтарына, әскери жүргізушілерді даярлау сыныптарына барды, ӘТМ тәрбиеленушілері әскери даярлықтан өтетін казармаларда, оқу аудиторияларында және басқа да тұрмыстық жайларда болды.

20.04.2017
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасына экскурсия

2017 жылғы 18 сәуір күні «Патриот» айлығының аясында Петропавл теміржол көлігі колледжінің Э-11 топ студенттері СҚМУ әскери кафедрасына барды. Экскурсия барысында балаларға БМП-1 және БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машиналары, мотоатқыштар взводының ату құралдары, болашақ офицерлерді даярлайтын аудиториялар көрсетілді. Кафедра офицерлері балаларға болашақ лейтенанттарды қалай даярлайтыны және әскери кафедраға қалай түсуге болатыны жайлы әңгімелеп берді.

20.04.2017
ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасын

ҚР құқықтық статистика органдарының 20 жылдығы қарсаңында Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасының Ашық есіктер күніне қатысты. Құқықтық статистика бөлімінің прокуроры Т. Мұқышев балаларды электрондық ақпараттық жүйенің қызметімен таныстырды.

14.04.2017
«Не? Қайда? Қашан?» викторинасы

2017 жылғы 12 сәуір күні Петропавл теміржол көлігі колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат жаратылыстану циклі пәндері бойынша студенттердің білімі мен ой өрісін кеңейту болды. Викторина химия, биология және география бойынша сұрақтардан тұрды. Викторинаға Э-11 және В-11 топ командалары қатысты. В-11 топ командасы жеңімпаз атанды.

Страница 417 из 475