ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






16.01.2025
Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алу дөңгелек үстелі

2025 жылғы 16 қаңтарда ӘПБ құқық бұзушылықтардың алдын алу тобының инспекторы полицияның аға лейтенанты Ж.С.Токтагулова және қатардағы полиция МПП полиция қызметкері Ж.С.Жанат Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттері үшін "Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алу" атты дөңгелек үстел өткізді.

Ашық диалог барысында жастар арасында есірткі заттарын қолдану және тарату мәселелері, сондай-ақ ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке байланысты мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында тақырыптық бейнематериал көрсетілді.

16.01.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 қаңтарда

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 қаңтарда "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК-да Белое орта мектебінің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

14.01.2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша лекторий

2025 жылдың 14 қаңтарында 1 курс студенттері үшін ӘПБ құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі топ инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.С.Токтагулованың шақыруымен тақырыптық лекторий ұйымдастырылды.

Ашық диалог барысында синтетикалық есірткіні қолдану және тарату мәселелері талқыланды; ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің баптары қаралды.

10.01.2025
Семинар тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»

2025 жылғы 10 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі И.А.Сергеева болды.

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Ирина Александровна сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, жүзеге асырылу салалары, сондай-ақ оның қоғам өмірінің барлық салаларында көрініс табу ерекшеліктері жайлы жан-жақты тоқталды.

Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

10.01.2025
2025 жылғы 6-10 қаңтар аралығында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде циклдік әдістемелік комиссиялардың әдіс

2025 жылғы 6-10 қаңтар аралығында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде циклдік әдістемелік комиссиялардың әдістемелік сағаты шеңберінде іс-шаралар өтті. Колледж педагогтары нейрожелілер арқылы оқу материалын жасау, WorldSkills Kazakhstan-ға конкурсанттарды дайындау, колледжде демо-емтихан өткізу бойынша педагогикалық тәжірибе ұсынды. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы инновациялық әдістер, теміржол көлігінде мамандар даярлаудағы жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дағдыларын қалыптастырудағы рефлексияның рөлі, ағылшын тілі сабақтарында студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту тәсілдері, географияны оқытудағы инновациялық технологиялар мен тәсілдер талқыланды

Страница 111 из 475