

2025 жылғы 18-19 наурызда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Тюмень қаласында өткен "Алтын саквояж -2025" студенттік бизнес–идеялардың халықаралық күндізгі фестиваліне қатысты. Фестивальдің мақсаты жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыттарын насихаттау бойынша үздік студенттік бизнес-идеялар мен тәжірибелерді анықтау болып табылады.
Фестиваль екі кезеңде өтті (сырттай және күндізгі), оған Ресей мен Беларусь студенттері қатысты. Қазақстаннан жалғыз өкіл біздің студент Дмитрий Семочкин болды, ол іріктеу кезеңінен өтіп, біздің колледжді "Өндіріс" саласындағы бизнес-жобалар" бағытында өзінің "Новый рассвет" кәдесыйлар өндіру цехы" бизнес–идеясы жобасымен лайықты таныстырды.
Дмитрий "Өндіріс" бағыты бойынша "Бизнес - идеяның практикалық маңызы" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Бұл жеңіс біздің студентімізге "Ресейдің таланттары" сайтында болуға және Ресей университетінде оқуға грант алуға мүмкіндік береді. Жетекшісі О.А.Оньшина алғыс хатпен марапатталды.

2025 жылдың 19 ақпанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында "Студенттік этика" ақпараттық сағаты өтті. Оның мақсаты студенттер арасында мінез құлық мәдениетін тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында балалар этикеттің не екенін талқылады, оның түрлерін еске алды. Оқу орнында, көшеде және қоғамдық көлікте жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аударылды.
Павленко Е.Г., Богдан Ю.Г. – жатақхана тәрбиешілері

2025 жылғы 19 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы барлығын "Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла" челленджіне қатысуға шақырады. Бұл сіздің сүйікті кітаптарыңызды басқалармен бөлісудің және жылулық пен білімнің бір бөлігін берудің тамаша мүмкіндігі.
\Қалай қатысуға болады? Өзіңізге ұнайтын немесе оқыған және әрі қарай жеткізгіңіз келетін кітапты алыңыз. Кітап беру-білімді бөлісудің және басқаларды шабыттандырудың ең жақсы тәсілі.
Жақсылық жасау және кітаптың шынымен мұқтаж адамның қолына түскеніне қуаныш сезіну!
Кітапқа деген сүйіспеншілікті бірге таратып, қуанышпен оқайық!
# КітаптыСүйіспеншілікпенСыйла

Колледж құрамасын колледждер арасындағы "Сұңқар" облыстық спартакиадасында жалпы командалық 3 орынмен құттықтаймыз.
Команданы ұсынды: Медведев Владимир, Петрик Ринат, Шуринов Роман , Еремушкина Анастасия, Квитинская Дарья , Майданова Александра, Ралло Ангелина.

ПО-31 тобының студенті Киндякова Анжеликаны "Жас батыр" облыстық әскери-патриоттық клубының символ-эмблемасын әзірлеу бойынша облыстық байқауда (50 қатысушының арасында: мұғалімдер, оқытушылар, студенттер мен оқушылар)II орынды иеленуімен құттықтаймыз