ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






24.09.2026
«Сандардағы еңбек: бухгалтердің бір күні» интеллектуалдық-кәсіби ойыны

2026 жылғы 24 қыркүйекте Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Б.Әшімов атындағы «Есеп және аудит» мамандығында білім алатын 2-курс студенттері арасында Еңбек күніне орай «Сандардағы еңбек: бухгалтердің бір күні» атты интеллектуалдық-кәсіби ойын өткізілді. Іс-шара барысында студенттер құжаттарды тексеру, есептеулердегі қателерді анықтау, түгендеу нәтижелерін айқындау және кәсіби жағдаяттарды шешу бойынша тапсырмаларды орындады. Ойын қатысушыларға мамандық бойынша алған білімдерін қолдануға, ұқыптылық, дәлдік, жауапкершілік және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда анықталды.
24.09.2026
«Оқитын ұлт» жобасы аясындағы кездесу

2026 жылғы 24 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру аясында колледж қызметкерлері мен студенттердің Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге жинақтау және өңдеу бөлімінің басшысы Ляна Александровна Овчаренко және кітапханашы Алмара Омуржановна Ашимова қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға «Оқитын ұлт» марафонына қатысудың негізгі кезеңдері туралы айтып, жоба ережелерімен таныстырды және қойылған сұрақтарға жауап берді. Колледж кітапханасы барлық ниет білдірушілерді «Оқитын ұлт» марафонына қосылуға, жаңа шығармаларды ашуға және өздерінің оқырмандық әсерлерімен бөлісуге шақырады! Қатысу ережелері, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тіркелу туралы толық ақпарат жобаның ресми сайтында қолжетімді: www.reading-nation.kz
23.09.2026
«Азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негіздері» диспуты

2026 жылғы 23 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1-курс студенттері арасында «Азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негіздері» тақырыбында диспут өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың маңызын талқылады. «Sanaly urpaq» құқықтық клубының өкілдері студенттерді «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды: тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік, жасампаздық пен жаңашылдық. Студенттер өз пікірлерін белсенді білдіріп, сындарлы диалог жүргізуге және басқа қатысушылардың ұстанымын құрметтеуге үйренді. Іс-шара соңында студенттік ортада құқықтық мәдениет пен жауа
23.09.2026
Креативті индустрия мектебі: «Digital Creator: Контент жасау»

2026 жылғы 22–23 қыркүйек күндері Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Student Parliament Club белсенділері Qyzyljar Creative Center базасында өткен «Digital Creator: Контент жасау» креативті индустрия мектебінің жұмысына қатысты. Оқу барысында қатысушылар нейрожелілермен, промпт-инжинирингпен және жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді. Курс аяқталғаннан кейін студенттерге аты-жөні көрсетілген сертификаттар табысталды.
23.09.2026
«СББ бар станоктарда фрезерлік жұмыстар» құзыреті бойынша шеберлік сағаты

2026 жылғы 23 қыркүйекте Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің СББ бар станоктарда токарлық және фрезерлік жұмыстар зертханасында «СББ бар станоктарда фрезерлік жұмыстар» құзыреті бойынша шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын ТМ-21 және ТМ-41 топтарының студенттері қатысты. Студенттерді «СББ бар станоктарда токарлық және фрезерлік жұмыстар» құзыреттілік орталығының жетекшісі Михаил Михайлович Сущик қарсы алды. Студенттер заманауи жабдықтарда жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, «СББ бар станоктарда токарлық және фрезерлік жұмыстар» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберліктің республикалық чемпионатына қатысушылардың дайындық барысын бақылады. Шеберлік сағаты студенттердің практикалық білімдерін кеңейтуге, кәсіби дағдыларға қойылатын талаптарды көруге және кәсіби шеберлік чемпионаттарына қатысу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
<< < 4 5 678> >>
Страница 6 из 475