ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






22.09.2026
«Алтын күз» кросс жарысы

2026 жылғы 22 қыркүйекте «Жастар» стадионында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі студенттері арасында күзгі кросс жарысы өтті. Жарыс дене шынықтыру мен спортты насихаттау, колледжде жеңіл атлетиканы одан әрі дамыту және студенттердің дене дайындығын анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға 1, 2 және 3 курс студенттері — барлығы 170 адам қатысты. Жарыс басталар алдында төреші қатысушыларға старт тәртібімен және ұлдар мен қыздарға арналған қашықтықтардың ұзақтығымен таныстырды. Студенттер 1000 және 500 метр қашықтықтарды жүгіріп өтті. 1 курс студенттері арасында жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді: Ұлдар арасындағы жеке біріншілікте: 1 орын – Сидоренко Дмитрий, ТМ-11 тобы; 2 орын – Тилигенов Тунгуш, В-11 тобы; 3 орын – Глушко Егор, ТМ-11 тобы. Командалық біріншілікте: 1 орын – ТМ-11 тобы; 2 орын – Т-11 тобы; 3 орын – В-11 тобы. 2–3 курс студенттері арасында: Ұлдар арасындағы жеке біріншілікте: 1 орын – Шледовец Игорь, Л-21 тобы; 2 орын – Первушин Никита, ПО-21 тобы; 3 орын – Нуркеев Альтемир, Э-21 тобы. Командалық біріншілікте: 1 орын – Л-21 тобы; 2 орын – Л-31 тобы; 3 орын – СР-21 тобы. Колледж қыздары арасындағы жеке біріншілікте: 1 орын – Султанова Диана, Б-11 тобы; 2 орын – Кашникова Диана, Д-21 тобы; 3 орын – Зимина Ксения, Т-11 тобы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!
22.09.2026
Буллингті тоқтат: құрмет өзімізден басталады

2026 жылғы 22 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1-курс студенттері үшін «Қорлау – ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту, буллинг және кибербуллинг» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Студенттерге буллинг және кибербуллинг ұғымдары түсіндіріліп, құрдастар арасындағы жанжалдың буллингтен айырмашылығы талқыланды. Сонымен қатар буллингтен қорғану жолдары және оның алдын алу тәсілдері қарастырылды. Ерекше назар практикалық кейстерге аударылды. Студенттермен бірге өмірлік жағдайлар талданып, оларда дұрыс әрекет ету жолдары қарастырылды. Ең бастысы – бейжай қалмау. Басқа адамға деген құрмет әрқайсымыздан басталады.
22.09.2026
«Бірінші курс студенті, қош келдің!» атты ойын-сауық бағдарламасы

2026 жылғы 22 қыркүйекте Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Бірінші курс студенті, қош келдің!» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерінің танысуына қолайлы, достық орта қалыптастыру, ұжымшылдық пен өзара көмек сезімін дамыту. Студенттер үшін көңілді сайыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Олар студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысуына, тапқырлықтары мен командалық рухтарын көрсетуіне мүмкіндік берді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Бағдарламаның ерекше сәті – 1-курс студенті Шамбилов Диастың гитарамен ән орындауы болды.
18.09.2026
Student Parliament Club Президентін сайлау

2026 жылғы 18 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Student Parliament Club Президентінің сайлауы өтті. Онлайн дауыс беру барысында 2-курс студенті Рыльцева Эвелина көп дауыс жинады. Эвелинаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз және өз қызметін табысты жүзеге асыруына, шығармашылық табыстарға жетуіне тілектеспіз!
17.09.2026
«Тіл жүйріктері» мәнерлеп оқу байқауы

2026 жылғы 17 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1-курс студенттері арасында «Тіл жүйріктері» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру және дамыту, тілдік және мәдени әралуандылыққа құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ мәнерлеп сөйлеу дағдысын, шығармашылық қабілеттерін және өзіне деген сенімділігін дамыту. Байқауға қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп орындап, өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір студент өзі таңдаған шығарманың көңіл күйін, мазмұнын және эмоционалдық тереңдігін жеткізуге тырысты. Іс-шара шығармашылық, достық және тілдерге деген құрмет атмосферасында өтіп, студенттерді көркем сөзге деген сүйіспеншілік төңірегінде біріктірді.
<< < 5 6 789> >>
Страница 7 из 475