ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






11.11.2025
«Толеранттылық – бейбітшілікке бастар жол» ақпараттық сағаты

2025 жылғы 11 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Толеранттылық – бейбітшілікке бастар жол» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында толеранттылық қағидаттарын қалыптастыру, студенттердің толерантты санасы мен мінез-құлқын дамыту. Студенттер «толеранттылық» ұғымымен, оның әр түрлі халықтарда, әр түрлі тілдерде қалай түсіндірілетіндігімен, толерантты және интолерантты тұлғаның негізгі ерекшеліктерімен танысты. «Сәлемдесу», «Сиқырлы қол», «Смайлик» атты жаттығулар мен ойындар өткізіліп, олар студенттердің тынығуына және ұжымның бірлігін арттыруға бағытталды.

07.11.2025
Жастар құқықтары жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

2025 жылғы 7 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері жастар құқықтары жөніндегі республикалық комиссияның онлайн-отырысына қатысты.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

06.11.2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы

2025 жылдың 6 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагогтері кәсіби бағдар беру мақсатында Н.К. Крупская атындағы №10 орта мектептегі ата-аналар жиналысына қатысты. Ата-аналар колледжге түсуге қатысты сұрақтарына жауап алып, колледжде бар мамандықтармен танысты.

06.11.2025
Облыстық ту ұстаушылар байқауы

2025 жылғы 6 қарашада Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ТжКББ ұйымдарының балалар-жасөспірімдер клубтарының студенттері арасында ту топтарының облыстық байқауы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, саптық тәсілдерді орындау дағдыларын жетілдіру. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

04.11.2025
«Шоқан Уәлиханов — дала жұлдызы» кураторлық сағаты

2025 жылғы 4 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде қазақ ғалымы, этнографы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған тәрбие сағаты өтті. Шоқан Уәлихановтың мұрасын зерделеу аса маңызды, себебі оның еңбектері ғылым, мәдениет пен тарих құндылықтарын түсіну мен сақтаудың негізіне айналды. Оның география, этнография, әдебиет және философия салаларындағы еңбектері біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, білімге ұмтылу, ақиқат жолында батыл болу және мәдени алуандылықты құрметтеу сынды қасиеттердің маңызын үйретеді. Іс-шараға ТР-22 тобы қатысты. Кездесу Қазақстан тарихы мен мәдениетіне зор ықпал еткен тұлғаларды талқылаудан басталды. Студенттер олардың еңбектері өздерін несімен шабыттандыратыны және сол тұлғалардың қандай қасиеттері қазіргі заман үшін ерекше маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен жетістіктерін тереңірек түсіну мақсатында студенттер топтық жұмыс арқылы ғалымның өмірбаянындағы маңызды кезеңдерді қамтыған интерактивті уақыт сызығын зерттеді. Әдеби мұрасына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара барысында Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романына шолу жасалып, онда ұлы қазақ ғалымының өмірі мен тағдыры жан-жақты ашылғаны айтылды. Шоқан бейнесі арқылы сол дәуірдің рухы, білім мен ғылымға деген талпыныс айқын көрініс тапқан. Іс-шара соңында студенттер шығармашылық тапсырма орындап, өздері Шоқан Уәлихановқа қояр едім деген сұрақтарын ұсынды.

Кабденова А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Страница 59 из 475