ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






13.03.2017
«Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы

2017 жылғы 10 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы өтіп, оған Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің және Петропавл темір жол көлігі колледжінің командалары қатысты.

Жарыстың басты міндеттерінің бірі айрықша дайындығы бар ұлдарды анықтау, сондай-ақ жыл сайын мамыр айында Петропавл қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының базасында өтетін әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Ұлан» спартакиадасына командалардың дайындалуы және қатысуы болып табылады.

Жарыс бағдарламасы: атыс дайындығынан, азаматтық қорғаныс және көп сатылы жарыстан тұрды. Табанды күресте 129 ұпай нәтижесімен Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы жеңіске жетіп, екінші орынды 107 ұпай нәтижесімен – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы, үшінші орынды 100 ұпай нәтижесімен – М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі иеленді.

Іс-шараға ҚР ҚК ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, Петропавл қ. ҚІБ өкілі шақырылды.

Жарыстар барысында гитараның сүйемелдеуімен әскери-патриоттық әндер орындалды.

Подробнее
07.03.2017
Талапкерге-2017

Петропавл темір жол көлігі колледжі 2017-2018 оқу жылына қабылдау туралы хабарлайды.

Толығырақ ақпаратпен ОСЫ САЙТТА таныса аласыздар.

07.03.2017
Талапкерге-2017!

9 және 11 сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлердің назарына!

Сіздерге қабылдау емтихандарын тапсырмай, сауалнама түріндегі әңгімелесу негізінде білікті жұмысшы мамандықтарын алу мақсатында колледжге түсу үшін тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

1. Сіздердің сұрақтарға жауап беріп, сауалнаманы толтыруыңыз керек – Толтырылған сауалнаманың сканерленген нұсқасын колледждің электрондық мекенжайына жібересіз - pkgt@yandex.ru;

2. Толтырылған сауалнаманы алғаннан кейін біз сіздердің сауалнамада көрсетілуі тиіс электрондық мекенжайларыңызға (немесе сіздердің мектептеріңіздің немесе сіз көрсеткен кез келген басқа мекенжайға) сканерленген сертификат жібереміз;

3. Қабылдау комиссиясының жұмысы уақытында (2017 жылғы 01 маусымнан бастап 2017 жылғы 20 тамызға дейін) сіздер колледжге түсуге арналған құжаттар пакетін және алған сертификатты әкелулеріңіз қажет.

Сауалнаманың бланкін ОСЫ САЙТТАН жүктеп алуларыңызға болады.

07.03.2017
8 наурызбен!

Сегізінші наурыз,

Келген кезі көктемнің,

Босап бақша-бауымыз,

Мұз, қар еріп кеткен күн

Әкеліп жаздың елесін,

Қуанышқа бөлесін!

Әр жылда бір келетін ең назды, жарқын әрі тамаша күн – 8 наурыз! Ол көктемнің басталуын, табиғаттағы тіршіліктің оянуын, алғашқы шуақты күндердің келгенін білдіреді.

Аяулы асыл жандар, осы жылу сіздердің үйлеріңіз бен жүректеріңізден орын алсын. Табиғаттың сұлулығы шабыттандырып, көктемнің басы сіздердің өмірлеріңіздегі ең іңкар, ең ғажайыптың басы болсын! Дәл осы күн, 8 наурыз сіздерге тек қуаныш қана әкелетін жаңа бастамалардың сөресіне айналсын! Сіздерге жүрек жарды қошеметтер мен жылы сөздер айтыла берсін! Көктем мерекесімен!

02.03.2017
Алғыс айту күні

2017 жылғы 1 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А Таран Алғыс айту күніне арналған «Рахмет, қазақ жеріне» атты қарым-қатынас сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Б-21 топ (сынып жетекшісі О. Н. Константинова) және Л-22 топ (сынып жетекшісі В. А. Симонов) студенттері қатысты.

Қатысушылар Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты – ортақ тарих, бірге жеңген қиындықтар негізінде көп ұлтты Қазақстанда бірлікті сақтау деп, ал Қазақстандағы береке, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік – біздің Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында халықтар достығы, Отан туралы қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылды. ДМ–21 топ студенті Ә. Жаменов «Туған жер», «Жаным сол» әндерін орындады.

Интербелсенді тақтада: слайдтар, «1 марта – День благодарности в Казахстане» бейнефильмі көрсетілді, «Алғыс айтудың біріктіруші күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
Страница 420 из 475