ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






11.12.2017
АИТВ алдын алу бойынша айлық

2017 жылғы қарашаның 15-інен бастап желтоқсанның 10-ына дейін аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Дүниежүзілік компанияның «Денсаулыққа құқық» ұранымен АИТВ алдын алу айлығы өтті.

Айлық «Мен досымды АИТВ/ЖИТС-тен сақтандыру үшін оған не айтар едім?» тақырыбындағы шығармаларды жазумен басталды. Балалар өзін және өз туыстарын бұл «Обадан» сақтану ойларымен бөлісті.

Дүниежүзілік компанияның АИТВ алдын алу аясында тақырыптық сынып сағаттары, семинарлық сабақтары өткізілді, «Незримая война», «Разговор о ВИЧ с Верой Брежневой» атты фильмдері көрсетілді.

І және ІІ курс студенттері үшін тарихи-өлкетану мұражайындағы «Дорога в никуда» тақырыптық сабағына экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар есірткіні, темекіні, алкогольді пайдаланудың жаңа қырлары туралы білді, патологиялардың ылғалды препараттарының адам ағзасына қауіпті әсер етуін өз көзбен көруге мүмкіндік алды.

Айлық аясында келесі жалпыколледждік іс-шаралар өткізілді:

– «СӨС" тақырыбындағы КТК;

– Петропавл қаласы ЖИТС орталығы өкілдерінің қатысуымен «Жастар АИТВ-сыз өмір таңдайды» акциясы, қалаушылар АИТВ-ке талдауларды тапсыра алды;

– «Қазіргі әлемдегі АИТВ/ЖИТС» тақырыбындағы студенттік конференция;

– студенттердің арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша әңгіме;

– ерте және қорғалмаған жзыныстық қатынастарға түсу туралы әңгіме;

АИТВ алдын алу айлығы кезінде студенттер АИТВ-ке байланысты білімдерінің жоғары деңгейін көрсетіп, жоғары белсенділігін көрсетті.

Подробнее
08.12.2017
«PROFENEGY» жобасы

Колледждің "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ әлеуметтік серігі 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» 0907000 «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығының ІІІ курс студенттеріне арналған ғылыми жобалардың жыл сайынғы байқауын өткізуде.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2017 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін, ғылыми жобалар 2018 жылғы сәуірдің 15-іне дейін қабылданады.

Байқаудың жеңімпаздарына "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ атаулы корпоративтік стипендия тағайыдалады.

Студенттерді байқауға қатысуға шақырамыз! Байқауда қатысуға сұрақтар бойынша колледждің әдістемелік кабинетіне жүгініңіз.

01.12.2017
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттың бірыңғай сағаты»

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі Қазақстан Президентінің бастамасымен қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға белсене араласуда. Осы стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

2017 жылғы 29 қараша күнінен бастап Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттың бірыңғай сағаты» тақырыбындағы іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы С.У Айдарбеков шақырылды.

Іс-шараны өткізуге І-ІІІ курс студенттері қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты: жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-санасын, студенттердің сыбайлыс жемқорлыққа қарсы әрекет жасау тәртібін қалыптастыру.

Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы туралы ақпарат берілді, сыбайлас жемқорлықпен күресудің негіздері, принциптері және әдістері көрсетілді, әлемнің әртүрлі мемлекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің тәжірибесі туралы айтылды. Презинтацияның ақпараттық слайдтары, мемлекеттік және орыс тілдерінде мазмұнды материалдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және насихаттаудың көрнекі құралдары болып табылды.

Подробнее
01.12.2017
«SMART – педагог Өрлеу: кәсіби жетістікке апарар жол»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ және «Microsoft Kazakhstan» «SMART – педагог Өрлеу: кәсіби жетістікке апарар жол» тақырыбындағы республикалық байқауды ұйымдастырды. Байқау мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың алғашқы қалалық кезеңі 2017 жылғы мамыр-маусым аралығында өтті, 2017 жылғы маусым-шілде аралығында барлық байқауға қатысушылар «Microsoft Kazakhstan» порталындағы қашықтықтан оқыту түрінде екінші кезеңнен өтті. 2017 жылғы қазан айында байқаудың үшінші облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың жеңімпаздары қарашаның 28-29 күндері Алматы қаласындағы республикалық кезеңіне қатысты.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқытушысы О. А. Мухамедшина барлық кезеңнен сүрінбей өтті. О. А. Мухамедшина байқаудың қорытынды кезеңінде «Использование облачного сервиса Prezi в качестве современного ресурса при решении многообразных задач образовательного процесса в колледже» атты жобасын ұсынды.

30.11.2017
«Менің елім – менің Президентім» ұлттық тарих сағаты

2017 жылғы 30 қараша күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні аясында «Менің елім – менің Президентім» ұлттық тарих сағаты өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Т. А. Таран ұйымдастырды.

Іс-шараны өткізуге СТС-11 және ЭРУ-11 топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтың зор сенімін және бірлігін бейнелейтін ерекше мереке деп, бағалады. Елбасымыздың ержүректілігі, стратегиялық дарыны қойған мақсаттарына жету үшін қайсарлығы мен батылдығы Қазақстанның тәуелсіз ел болуына тірегі болды. Еліміздің табыстарын бүгінгі күні дүниежүзілік қауымдастық мойындады.

Әрқашан жас мемлекетті құруға дайын, беделді адам болып, өз елінің патриоттық сезімін білдіру қазігі жастардың басты міндеті болып табылады.

Іс-шараның барысында студенттер тәуелсіз мемлекеттің жылдам қалыптасуының феноменін ашатын кітаптармен және тарихи маңызы бар оқиғалармен, Қазақстанның тұңғыш президенті туралы әлемдік деңгейдегі саясатшылардың пікірлерімен және еңбектерімен танысты. Мемлекеттің Елбасына арналған өлеңдер қазақ, орыс және ағылшын тілінде шырқалды.

Студенттерге интербелсенді тақтада Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы слайдтар, «Н. А. Назарбаев – человек–эпоха» атты бейнефильм және Н.Ә. Назарбаевтың өлеңіне жазылған «Город мой» атты бейнефильм көрсетілді. Кітапхана залында «Н. Ә. Назарбаев – тәуелсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық символы» атты кітаптар көрмесі әзірленді.

Подробнее
Страница 406 из 475