2026 жылдың 3 маусымында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында "Мемлекеттік рәміздер тарихы" бейнеролигі көрсетілді. Іс-шараның мақсаты-білім алушылардың бойында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру және олардың құрылу тарихы туралы білімдерін кеңейту. Әңгімелесу барысында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын жасау тарихымен танысты, мемлекеттік рәміздердің авторлары және оның әрбір элементінің маңызы туралы білді. Білім алушыларға мемлекеттік рәміздердің Тәуелсіздік, халық бірлігі мен патриотизмнің белгісі ретіндегі маңызды рөлі туралы айтылды.
2026 жылғы 3 маусымда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің ТР-22 тобында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара салтанатты көңіл күй қалыптастыру мақсатында еліміздің Әнұранын орындаумен ашылды. Одан әрі оқытушы студенттерді еліміздің тәуелсіздікке қалай және қандай жағдайда қол жеткізгені, сондай-ақ қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтағы орны мен мәртебесі туралы таныстырды. Білім алушылар «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдері» тақырыбындағы бейнероликті тамашалады. Кураторлық сағат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңның қашан және қай жерде қабылданғаны туралы ақпаратпен жалғасты. Студенттердің назары мемлекеттік рәміздердің бекітілген күні – 1992 жылғы 4 маусымға аударылды. Оқытушы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы» атты бейнероликті көрсету арқылы әрбір мемлекеттік рәміздің мәнін түсіндірді. Студенттер еліміздің рәміздерінің авторлары кім екенін, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердегі бейнелердің қандай мағына беретінін білді. Кураторлық сағаттың қорытындысы ретінде блиц-турнир ұйымдастырылып, білім алушылар алған білімдерін жүйелеп, қайталады. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар қазіргі қоғамда рухани құндылықтар мен мәдениеттің маңызы төмендеп жатқан кезеңде аса қажет. Олар студенттердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, елге адал болуға, оның игілігі үшін білім алып, еңбек етуге деген ұмтылысты қалыптастырады
2026 жылғы 3 маусымда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Қазақстан зорлық-зомбылыққа қарсы» республикалық акциясы – флешмобына қатысты. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы ПД ЖПҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі және Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. Акция-флешмобтың мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру, жастардың назарын дәстүрлі отбасылық құндылықтарға аудару.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар аясында 2026 жылғы 29 мамырда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Ұмытылмас тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тарихтың қасіретті беттері туралы тарихи жадыны сақтау, өз елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың тарихи себептері мен салдарын талқылап, архивтік материалдармен, куәгерлердің естеліктерімен және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Студенттер баяндама жасап, жаппай қуғын-сүргін мәселелерін, сол жылдары зардап шеккен адамдардың тағдырларын, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін тарихи шындықты сақтаудың маңызын атап өтті.