ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






12.03.2024
Мемлекеттік тіл және ұлттық сана"дәрісі

2024 жылдың 12 наурызында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.С.Оспанова Т-21 және В-21 топтарының студенттеріне арналған "Мемлекеттік тіл және ұлттық сана" дәрісін оқыды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты-мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім саласында одан әрі кеңейту.

Мемлекеттік тіл-ұлттық сананың маңызды кілті. Ұлттық тілмен айтқанда, біз санамыздың түкпірінде жатқан өткенге деген көзқарасымызды түзетеміз, осылайша болашаққа деген сенімімізді арттырамыз. Жаһандануға бой алдырмаудың жалғыз жолы-ұлттық дәстүрлерден бас тартпау. Ал ұлттық дәстүрдің тірегі-ана тілі.

Оспанова А.С. – қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

12.03.2024
Өрт қауіпсіздігі бойынша брейн-ринг

2024 жылдың 12 наурызында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "От-дос, от-жау" брейн-рингі өтті. Ойынның мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімді бекіту. Өндірістік оқыту шеберлері құрамындағы қазылар алқасының мүшелері: О.А. Волков, Д.Н.Михайлов, Д.Н.Мингалев, В.Л.Щукин бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Брейн рингіне 4 команда қатысты. Студенттерге конкурстық: визит карточкасы, ширату, мақал-мәтелдер, отты викторина, блиц-сауалнама, бұл қызықты тапсырмалары ұсынылды. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды "Огнетушители" командасы, 2 орынды – "Пожарная безопасность", 3 орынды – "Медведи", 4 орынды – "Огонёк" иеленді.

Миролюбова О.П. – өндірістік оқыту шебері

12.03.2024
Халықаралық ынтымақтастық

Колледж білім алушыларын тәжірбиелік даярлау мақсатында, оның ішінде шетелде "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК мен "РТЖ" ААҚ Свердловск дирекциясының филиалы арасында халықаралық ынтымақтастық шарты жасалды.

Дирекция колледждің 10 студенті үшін Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде ақылы өндірістік-технологиялық тәжірбиеден өтуді ұйымдастырды, төлем сомасы айына 200 000 мың теңгені құрады. Білім алушылар тегін тұрумен, межелі жерге дейін жол жүрумен және әлеуметтік қолдау шараларының тізбесімен (медициналық полис және т.б.) қамтамасыз етілді. Тәжірибеден өту кезеңінде 2024 жылғы 12 қаңтар мен 5 наурыз аралығында студенттер "РТЖ" ААҚ филиалының Свердловск дирекциясында "5-разрядты вагондарды тексеруші-жөндеуші" куәлігін бере отырып, кәсіби даярлықтан өтті. Сонымен қатар, 2024 жылдың 13 ақпанынан 22 маусымына дейін осы кәсіпорында колледждің 9 студенті ақылы өндірістік-технологиялық тәжірбиеден өтеді.

07.03.2024
Түлектердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерімен кездесуі

2024 жылғы 7 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің түлектері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Ерлан Ахметович Смагуловпен кездесу ұйымдастырылды. Ашық әңгіме барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу критерийлері және келісімшарт негізінде әскери қызметке және қызметке шақыру шарттары түсіндірілді. Үгіт-насихат бейнеролигі көрсетілді.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

07.03.2024
Халықаралық әйелдер күніне арналған Ақан сері атындағы облыстық филармонияның концерті.

Мереке қарсаңында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған Ақан сері атындағы облыстық филармонияның концерті өтті.

Страница 163 из 475