Құрметті әріптестер, ата-аналар мен оқушылар!
Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі Сіздерді және сіздердің жақындарыңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жылды қарсы алу – бұл жанды толқытатын және әрдайым қуанышқа толы кез. Бұл мереке ойдағыны жеткізіп, Сіздердің барлықтарыңызды осы ғажап мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, табыс және бақыт-береке тілеуге берілген тамаша мүмкіндік!
Жаңа жылмен, достар!
Қазақтан! Республикам менің – Байтағым. Тәуелсіздік – аңсап күткен елдігім, Қуанышты тойлауда ел бүгін. Мүмкіндік бар айтуға да, жазуға. Тарихымды, бабалардың ерлігін!
2013 жылғы 12 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Қабденова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім орталығы» ұлттық тарих сағатын өткізді.
Іс-шараны өткізуге ВЛ-21 топ (сынып жетекшісі С. Н. Гринькив) және Э-21 топ (сынып жетекшісі Б. В. Шипулин) оқушылары қатысты.
Іс-шараға қатысушылар біздің тәуелсіз еліміздің дамуындағы негізгі кезеңдерді әңгімелеп, тәуелсіздік жылдарындағы біздің жетістіктерімізді атап өтті.
Аз уақыттың ішінде егемен республика халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып, дамыған елдермен тығыз байланыстар орнатты. Бұған саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ел Президенті Н. Назарбаевтың нарықтық реформаларға және елді демократияландыруға қарай белсенді бағыт алуға батылдық танытуы ықпал етті.
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсе отырып, өзінің мәдениетін, тілін, сенімін, дінін және салт-дәстүрлерін дамыту мүмкіндігін іске асырды. Бүгін республиканың әр азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады.
Іс-шараны өткізу барысында интерактивті тақтада Қазақстанның тәуелсіздікке бастаған даму жолы көрініс тапқан слайдтар, «Қазақстан Республикасының Гимні» бейнебаяны, Н. Назарбаевтың «Город мой» өлеңіне жазылған әннің бейнебаяны көрсетіліп, іс-шара «Домбыра» күйімен, Б.Тілеуханның «Елім менің» әнімен дыбыстық сүйемелденді.
2013 жылғы 13 желтоқсан Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Л-11, ВЛ-11, Д-11 және Э-23 топтарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында өз халқына, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – оқытушы Р. С. Жамұлдинова, Д. Ж. Ақышова, A. Б. Сүлейменова.
25 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» және «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» мамандықтарының апталығы өтті.
Мамандықтар апталығы шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
25.11.13 Техникалық бюллетеньдер көрмесі. Мамандық бойынша әдебиет көрмесі (оқытушы Б. В. Шипулин);
26.11.13 «Электроника денсаулық сақшысы» конференциясы (оқытушы В. В. Филитов);
27.11.13 «Бізді қоршаған электр» турнирі (оқытушы Б. В. Шипулин және Р. В. Медведенко);
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың білімі мен іскерлігінің деңгейін тексеру; логикалық ойлауы мен зияткерлік қабілеттерін дамыту; болашақ кәсіпке сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу.
Турнирге «Электрмен жабдықтау» мамандығының Э-22 топ оқушылары қатысты.
27.11.13 «Жол машиналарына, автомобильдер мен тракторларға техникалық қызмет көрсету технологиясы және ұйымдастырылуы» конференциясы (оқытушы В. В. Задорожный және Д. А. Афанасьев);
28.11.13 «Бізді қоршаған физика» викторинасы (оқытушы О. Н. Икоников);
28.11.13 «Компас» бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері (оқытушы В. А. Симонов және Р. Х. Курбанов);
Конференция колледждің КСТ негізінде мәтіндік құжаттарды құру кезінде сақталуы тиіс ережелер мен талаптарды қарастыруға арналды. Мәтіндік құжаттарға қойылатын талаптардың КСТ оқыту үдерісіне 2010 жылғы қыркүйектен бастап енгізілген, 1995 жылғы мемлекеттік стандартқа негізделген.
Конференцияға Д-21 топ қатысты. Конференция барысында оқушыларға тәжірибелік, курстық және дипломдық жұмыстарды ресімдеу кезінде сақталуы тиіс негізгі талаптар түсіндірілді.
29.11.13 «Электр білгірлері» байқауы (оқытушы Д. Т. Аусиилов);
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға білімдерін жаңа, таныс емес жағдайда қолдануды үйрету, қоршаған құбылыстарды түсіндіру іскерлігін дамыту.
Байқау 6 кезеңнен тұрды: «Ширату», «Тәжірибе! Тәжірибе!», «Сөзжұмбақ», «Есептерді сүйемін мен», «Қателерді тап», «Дәлелдеп көр». Алты байқау турында білгірлер түрлі жағдайлардағы өз білімдерін көрсетті, көрнекі есептерді, сөзжұмбақтарды шешті және пікірсайыстарға қатысты. Іс-шараға «Электрмен жабдықтау» мамандығының 2 курсы қатысты.
29.11.13 «Электрмен жабдықтау» мамандығы тәжірибесінің қорытындылары бойынша конференция (оқытушы Г. Ш. Галимулин).
Біздің еліміз осыдан бір жыл бұрын ғана отандық атаулы күндер күнтізбесіне енген мерекені екінші рет атап өтуге дайындалып жатыр. Тұңғыш Президент күні – бұл Ұлт Көшбасшысына шынайы бүкілхалықтық құрметтің куәсі, қазақстандық мемлекеттіктің қалыптасу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті үлесін мойындау болып табылады.
2013 жылғы 29 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихты көшбасшы жазады» тақырыбындағы ұлттық тарих сағаты өткізілді.
Іс-шараны өткізуге Э-23 топ (сынып жетекшісі В. А. Иванов) және Э-22 топ оқушылары (сынып жетекшісі Р. В. Медведенко) қатысты.
Іс-шараға қатысушылар біздің Тұңғыш Президентіміздің өмір жолын, адам, жеке тұлға, саясаткер, басқарушы және Қазақстанның Елбасы ретінде өсуінің басты кезеңдерін әңгімелеп берді.
Н.Ә.Назарбаевтың өмірі – бұл қиын кедергілерді жеңудің оқиғаларға толы тарихы, бұл кедергілер – қате түсінік, ескішілдік, өз күшіне сенбеушілік. Елбасы көп ұлтты халқын сеніммен бастап барады, өткізіліп жатқан реформалардың мәнін сабырмен түсіндіріп, олардың жүзеге асырылуын өзінің мызғымас беделімен қамтамасыз етіп келеді.
Біздің міндетіміз – әрқашан адал және мейірімді, жас мемлекетті құруды жалғастыруға әрқашан дайын адам және, әрине, өз Отанының нағыз Патриоты болу. Бұл ретте біздің күнтізбеміздегі жаңа мереке ұлы патриоттық күшке ие, ол Қазақстан халқының танымал Көшбасшысы, қазіргі заманның ұлы саясаткері, біздің еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаған бағытына Қазақстан халқын біріктіруге көмектеседі.
Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс тілдерінде поэзия шумақтары айтылды. Интербелсенді тақтада слайдтар, «Менің қалам» бейнебаяны, «Менің балалық шағымның аспаны» бейнефильмі көрсетілді.