ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






18.03.2024
Наурыз-ежелгі мереке!

2024 жылдың 18 наурызында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Наурыз-ежелгі мереке!» тақырыбында ойын-сауық бағдарламасы өтті. Мақсаты: халықтың дәстүрлеріне құрметпен қарау,тарих,халық шығармашылығы бойынша білім алу.

Наурыз-жаңару , гүлдену, жақсылық,жылулық мерекесі!

Бағдарлама дәстүрлі шашу таратудан басталды. Әрі қарай студенттер мерекенің тарихымен танысты. Содан кейін бірнеше кезеңнен тұратын «Түрлі түсті асықтар» ойыны өткізілді.

Студенттер қазақ халқының салт дәстүрлері саласында жоғары білім деңгейін көрсетті.

Тәрбиешілер: Павленко Е.Г. Богдан Ю.Г.

18.03.2024
Жастардың СҚО қоғамдық-саяси өміріне қатысуы

2024 жылғы 18 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қоғамдық ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына шақырылды.

Отырыстың күн тәртібі аясында жастардың өңірдегі саяси өмірге қатысуы және оны қоғамдық ұйымдардың қызметіне тарту мәселелері талқыланды.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

18.03.2024
Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылдың 18 наурызында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің ТР-11 тобының студенттері Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға қатысты. Өткізу нысаны- "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбы бойынша дөңгелек үстелі. Іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін талқылау, Наурыз, ұлттық тағамдар, ойындар, салт-дәстүрлер туралы қызықты фактілермен танысу болды.

Дөңгелек үстел аясында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, түрлі байқауларға қатысуға шақырылды. Студенттер Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлерін жақсы білетіндіктерін, қазақ және ағылшын тілдерін жоғары деңгейде меңгергендіктерін, кең ой-өрістерін көрсетті.

Абдулхаимова И.С. – шет тілі оқытушысы

17.03.2024
Иесіз қалған жануарларға арналған баспанадағы қайырымдылық жәрмеңкесі

2024 жылғы 17 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің еріктілері иесіз қалған жануарларға арналған баспанадағы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

Масленица мерекесіне арналған іс-шараға студенттер аниматор ретінде қатысты.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

15.03.2024
Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» тақырыбында кураторлық сағат

2024 жылдың 15 наурызында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Ұлыстың қадам басқан ұлы күні" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға ПМ-11, ПО-12 топтарының студенттері қатысты. Эпиграфы: "Бұл мереке ұлан-асыр болсын, молшылық алып келсін" деген сөздер болды.

Кураторлық сағаттың мақсаты-студенттердің мереке туралы білімдерін өзектендіру, коммуникативтік дағдыларды дамыту, туған елдің мерекелері мен дәстүрлеріне қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, ортақ мәдениетті дамыту. Студенттер Наурыз туралы аңызды тыңдап, ұлттық киімдер, қазақ халқының тұрмысы, ұлттық тағамдар, қазақ халқының салт - дәстүрлері туралы сұрақтарды қамтитын "Наурыз-ұлы күн" викторинасына қатысты.

Кунаева А.А. - шет тілі оқытушысы

Страница 161 из 475