ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






08.09.2026
«Үш тіл – үш әлем» подкаст студиясы

2026 жылғы 8 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Үш тіл – үш әлем» атты интерактивті диалог өтті. Мәдениетаралық келісімді нығайтуға және түрлі халықтардың дәстүрлі құндылықтарына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шара еркін сұхбат форматында ұйымдастырылды. Тілдік ерекшеліктерге арналған бөлімде қатысушылар сөзбе-сөз аударуға келмейтін, әр халықтың мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін әсерлі сөздер мен фразеологизмдерді талқылады. Әр адамның өміріндегі ана тілінің рөліне де ерекше назар аударылды. Кездесудің практикалық бөлімінде блиц-сауалнама жүргізіліп, «Дәстүрді тап» атты интерактивті слайд ұсынылды. Оның барысында студенттер Қазақстан халқының мерекелері мен салт-дәстүрлерінің тарихымен танысты. Іс-шара өзара құрмет пен түсіністік атмосферасында өтіп, тілдік және мәдени ерекшеліктерге қарамастан, кез келген қоғамның негізінде адамгершілік, мейірімділік және өзара қолдау сияқты құндылықтар жататынын көрсетті.
07.09.2026
«Жазушы сөзіндегі дала жады»

2026 жылғы 17 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Мұра» әдеби клубының «Жазушы сөзіндегі дала жады» атты әдеби танысу форматындағы отырысы өтті. 2026 жылы бүкілхалықтық оқуға көрнекті қазақстандық жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалды. Қабдеш Жұмаділов – поэзиялық шығармалардың, әңгімелердің, повестердің және көлемді тарихи романдардың авторы. Оның шығармашылығы қазақ халқының тағдырына, Шығыс Түркістан тарихына, ұлттық жады, азаттық және ұрпақтар сабақтастығы мәселелеріне арналған. Іс-шара барысында слайдтық презентация көрсетіліп, «Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романының беттерімен саяхат» атты бейнефильм ұсынылды. Студенттер өлеңдер оқып, «Жады – өткен мен болашақты жалғайтын көпір» атты викторинаға белсенді қатысты. Оқу залында «Талант пен шабыт – халыққа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
07.09.2026
«Тіл - әр ұлттың ең ұлы анасы» дөңгелек үстелі

2026 ж. 7 қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан халықтарының Тілдері күнін мерекелеу аясында жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК оқытушылары «Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы» дөңгелек үстелін өткізді. Басты қонағы «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов болды. Іс-шараға Т-11, Б-11, Б-21 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: ұлттық сана - сезімі мол, отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Жанат Мұхамеджанов өз баяндамасында тілдерді оқытудың маңыздылығына көп көңіл бөлді. Өйткені қазіргі заманда жастарға көп тіл білу – заман талабы. Ол тақырып аясында студенттермен сұхбаттасып, көп қызықты мәліметпен бөлісті. Сонымен қатар оқытушы Серебрякова О.В., Кабденова А.К. өз баяндамаларында тілдердің үндестігі арқылы студенттердің сөздік қорын байыту, тәжірибе жүзінде сөйлесуге дағдыландырылуын қарастырды. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлеңдер оқып, үш тілді меңгеру деңгейін көрсетті.

03.09.2026
«Тіл – ұлт айнасы» интеллектуалдық ойыны

2026 жылғы 3 қыркүйекте И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері Сания Латиеновна Досщанова мен Қаламкас Карипулловна Киреева Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттеріне арналған «Тіл – ұлт айнасы» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Іс-шара Қазақстан халқының тілдері күніне арналды. Студенттер көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, бүкіл өмірін өз халқының тілін қорғауға арнаған Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Интеллектуалдық ойынның интерактивті бөлімінде шешендік өнер, қазақ тіл білімі және түрлі тілдердегі қанатты сөздерді білуге арналған тапсырмалар орындалды.

03.09.2026
«Терроризм — шындық және жалған түсінік» тақырыбында әңгіме-тренинг

2026 жылғы 3 қыркүйекте С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерінің қатысуымен «Терроризм — шындық және жалған түсінік» тақырыбында профилактикалық әңгіме-тренинг өтті. Кездесуді модератор ретінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының дінтанушы-сарапшысы Е.О.Березина жүргізді. Іс-шара барысында студенттер терроризмо мен экстремизм мәселелерін талқылап, шынайы ақпаратты жалған ақпараттан, мифтер мен манипуляциялардан ажыратуды үйренді. Сонымен қатар қауіпсіз мінез-құлық ережелері талқыланып, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары қарастырылды.

<< < 8 9 101112> >>
Страница 10 из 475