
2026 жылғы 15 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері ашық сот отырысына қатысты.
Іс-шара жастар арасында есірткі заттарының таралуы мен қолданылуының алдын алу мақсатында өткізілді. Сот отырысында есірткі заттарын заңсыз айналымға салғаны үшін сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.




2026 жылғы 14 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Қазақстанның даму қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған «Халықтың құқықтық және медиасауаттылығын арттыру» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинарда спикер ретінде Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры, ҚР АМ республикалық спикері Абжаков Асет Талгатбекович сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушылар коммуникациялық технологияларға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, жалған ақпараттық жарияланымдарды анықтау әдістерімен танысты және нақты өмірлік кейстерді талдады.

2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында ПО-21 тобының студенттеріне Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдері таныстырылды. Ол – мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазу реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы.
Байтұрсынұлы өзінің әдеби еңбектері арқылы халықты білімге, еңбекқорлыққа үндеп, өнердің дамуына және мәдениеттің өркендеуіне үлес қосты. Абайдың ағартушылық және сыншылдық дәстүрлерін жалғастырып, дамыта отырып, қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді.
Сондай-ақ «Ұлы қазақтардың құпиясы мен тағдыры» атты деректі бейнематериал көрсетілді.




2026 жылғы 11 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Берекелі шаңырақ» атты мерекелік концертке шақырылды.
Отбасы күніне арналған іс-шара қалалық мәдениет үйінде өтті.




2026 жылғы 11 қыркүйекте Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бірінші курс студенттерімен Солтүстік Қазақстан облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі А.А.Губдуллинмен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге дропперлік, бопсалау, есірткі құралдарын тарату, сталкинг және бұзақылық сияқты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түсіндірілді. Алдын алу әңгімесі барысында тәжірибеден нақты мысалдар келтіріліп, құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал салдары қарастырылды.
Іс-шараның маңызды бөлігі – ойланбай жасалған әрекеттердің салдарын және олардың адамның кейінгі өміріне әсерін көрнекі түрде көрсететін «Малолетка» деректі фильмінен үзінді көрсету болды.
Мұндай іс-шараларды өткізудің басты мақсаты – студенттердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.